Тұман түсіп, үсік жүреді: алдағы күндерде ауа райы қандай болады

© Sputnik / Санат ИмангалиевТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Жазылу
Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді деп күтілуде
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады. Ведомствоның мәліметінше, кей өңірде тұман түсіп, үсік жүреді.
Республиканың солтүстік жартысында кей жерлерде түнде үсік жүреді. Күндіз күн райы біртіндеп жылынады.
"1-2 қыркүйекте солтүстік және шығыста, республиканың орталығында түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстікте, шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жел күшейеді деп күтілуде. Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман басады. деп болжануда", - дейді синоптиктер.
Елдің батысында ауа температурасы түнде +10 +18°C, күндіз +25+30°C-тан +28+33°C-қа дейін аздап көтеріледі.
Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 0,+5°C-тан, +2+7°C-қа дейін болады. Аймақтың батысында +10°C-қа дейін, күндіз +10+28°C-қа дейін көтеріледі.
Шығыста, елдің орталығында ауа температурасы түнде 0,+5°C, аймақтың оңтүстігінде +10°C болады. Кей жерлерде 3 градусқа дейін аяз болады. Күндіз +12+25°C-тан +15+30°C-қа дейін көтеріледі.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде түнде +13+18°C көрсетеді. Таулы аудандарда +5+10°C-тан +10+15°C-қа дейін сынап бағанасы төмендейді. Күндіз +20+25°C жылы болады.
Астана:
1 қыркүйек: таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қатты жел соғып, бұршақ жауады. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +12+14°С.
2 қыркүйек жауын-шашын блмайды. Ауа температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С. 3 қыркүйекте де осындай ауа райы болады.
Алматы:
1 қыркүйек: кейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +21+23°С. Дәл осындай ауа райы 2-3 қыркүйекте де сақталады.
Шымкент:
1 қыркүйекте күн ашық болады. Түнде ауа температурасы +16+18°С, күндіз +27+29°С. 2-3 қыркүйекте де осындай ауа райы сақталады.
Қолшатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды: үш күнге арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0