Мәдиев Binance басшысына AlatauCity тұжырымдамасын таныстырды
Жазылу
Alem.ai-де өткен кездесуде Цифрлық даму министрлігі мен АХҚО Binance компаниясымен екі меморандумға қол қойды
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжао (CZ) бастаған делегацияға AlatauCity-дегі CryptoCity тұжырымдамасы және Қазақстанның жасанды интеллект саласындағы өңірлік хаб ретіндегі позициясын нығайтуға бағытталған Data Center Valley ("Дата-орталықтар алқабы") жобасы таныстырылды, деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Binance негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен технологиялар мен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Кездесу премьер-министрдің орынбасары – Қазақстанның жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, Қазақстан бүгінде цифрлық активтер нарығын дамытудың келесі кезеңіне – реттеуші ортаны қалыптастырудан инфрақұрылым мен практикалық шешімдер құруға көшіп жатыр.
"Біздің міндетіміз – жаңа қаржы технологиялары экономиканы дамытуға, инвестиция тартуға және жаңа цифрлық сервистердің пайда болуына ықпал ететін жағдай қалыптастыру. Жаһандық технологиялық компаниялармен әріптестік бастамаларды нақты жүзеге асыруға жеделірек көшуге мүмкіндік береді", – деді Жаслан Мәдиев.
Кездесуде Binance Pay компаниясының Alatau City Bank-пен серіктестігі таныстырылып, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен және "Астана" халықаралық қаржы орталығымен (АХҚО) екі меморандумға қол қойылды.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Binance негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен технологиялар мен цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады
Министрліктің мәліметінше, алғашқы құжат цифрлық активтер, цифрлық және есептеу инфрақұрылымы, сондай-ақ инновациялық төлем шешімдері салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
"Негізгі бағыттардың қатарында Қазақстанда стейблкоин шығару, цифрлық активтерді пайдалана отырып төлем жасау инфрақұрылымын одан әрі дамыту, цифрлық активтер саласындағы салықтық және сот тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ жаңа өнімдер мен сервистерді енгізу бар", – деп көрсетілген министрлік хабарламасында.
Екінші меморандум Инвестициялық салықтық резиденттік бағдарламасы аясындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған.
Чанпэн Чжао Қазақстан бастамаларының ауқымына оң баға беріп, технологиялық нарыққа қажетті кадрларды даярлауға бағытталған Astana Hub-тың білім беру жобалары – TUMO Astana және Tomorrow School-ға барды.
"Қазақстан бүгінде цифрлық экономиканы өте қарқынды дамытып келеді. Технологияларды, білім беруді, инфрақұрылымды және қалалық ортаны дамытудың жаңа тәсілдерін біріктіретін жобалардың ауқымы ерекше әсер қалдырады", – деді Чанпэн Чжао (CZ).

