https://sputnik.kz/20260904/kinaliler-zhauapqa-tartylsyn-bqo-da-10-zhastagy-bala-toq-sogyp-qaza-boldy-66379819.html
"Кінәлілер жауапқа тартылсын": БҚО-да 10 жастағы бала тоқ соғып қаза болды
"Кінәлілер жауапқа тартылсын": БҚО-да 10 жастағы бала тоқ соғып қаза болды
Sputnik Қазақстан
Жеткіншек ауылды маңындағы жеміс-жидек сақтайтын қойманың трансформаторына тоққа түскен 04.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-04T13:50+0500
2026-09-04T13:50+0500
2026-09-04T13:50+0500
батыс қазақстан облысы
тоқ соғу
https://sputnik.kz/img/07ea/09/04/66379900_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_e28dabd97a8d9287e867de501f8a5da3.jpg
АЛМАТЫ, 4 қыркүйек - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное ауылында 10 жастағы Тимофей Герасимов қаза болды. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне жеткіншектің әкесі айтып берді.Ойын баласын жоғары кернеулі электр тогы соғып, көз жұмды. Күні кеше баланың денесі жер қойнына тапсырылды. "Балам небәрі 10 жаста. Балалар ол маңда ылғи ойнап жүреді. Сол оқиға болған күні де бір топ бала жүрген. Менің ұлымды ток соққан. Бір баланың әкесі көріп жүгіріп кеп көмек көрсеткен. Бірақ баламды құтқара алмаған", - дейді Александр.Марқұм болған жеткіншектің туыстары кінәлілер жауапқа тартылсын, дейді. Sputnik Қазақстан тілшісі трансфарматорға кім жауапты деген сұрақты Круглоозерное ауылы әкімінен сұрады. Алайда әкім жауап бермеді. Оқиғаға қатысы қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
https://sputnik.kz/20260608/zaqymdanbagan-zheri-zhoq-qaragandy-oblysynda-on-zhastagy-balany-toq-soqty--63993285.html
батыс қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/04/66379900_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_64940ce971ba5e0b79259226d181c228.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
батыс қазақстан облысы, тоқ соғу
батыс қазақстан облысы, тоқ соғу
"Кінәлілер жауапқа тартылсын": БҚО-да 10 жастағы бала тоқ соғып қаза болды
Жеткіншек ауылды маңындағы жеміс-жидек сақтайтын қойманың трансформаторына тоққа түскен
АЛМАТЫ, 4 қыркүйек - Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Круглоозерное ауылында 10 жастағы Тимофей Герасимов қаза болды. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне жеткіншектің әкесі айтып берді.
"Ауылды маңында жеміс-жидек сақтайтын қойманың трансформаторы. Кеңес үкіметі тұсынан бері тұр. Бір де бір рет қоршалмаған. Сұрастырып көріп ем, оны қоршауға заңды түрде болмайды дейді, рас, өтірігін білмедім", - дейді марқұмның әкесі Александр Герасимов.
Ойын баласын жоғары кернеулі электр тогы соғып, көз жұмды. Күні кеше баланың денесі жер қойнына тапсырылды.
"Балам небәрі 10 жаста. Балалар ол маңда ылғи ойнап жүреді. Сол оқиға болған күні де бір топ бала жүрген. Менің ұлымды ток соққан. Бір баланың әкесі көріп жүгіріп кеп көмек көрсеткен. Бірақ баламды құтқара алмаған", - дейді Александр.
Марқұм болған жеткіншектің туыстары кінәлілер жауапқа тартылсын, дейді.
"Ертең басқа бала келіп токқа түсіп қалуы мүмкін. Сол себепті жан-жағын қоршау керек. Менің ұлымды 10 мың вольттық ток соқты, кінәлілер жауапқа тартылсын", - дейді әкесі.
Sputnik Қазақстан тілшісі трансфарматорға кім жауапты деген сұрақты Круглоозерное ауылы әкімінен сұрады. Алайда әкім жауап бермеді.
Оқиғаға қатысы қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.