https://sputnik.kz/20260608/zaqymdanbagan-zheri-zhoq-qaragandy-oblysynda-on-zhastagy-balany-toq-soqty--63993285.html
"Жағдайы өте ауыр": Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты
"Жағдайы өте ауыр": Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты
Sputnik Қазақстан
Оқиға 1 маусым кешкі сағат 18:30 шамасында болған 08.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-08T14:12+0500
2026-06-08T14:12+0500
2026-06-08T14:55+0500
қарағанды облысы
тоқ соғу
электр желісі
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42034637_0:322:3067:2047_1920x0_80_0_0_83beb424822c1e2f689173cd066d63cb.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қарағанды облысы Долинка ауылында он жастағы баланы 6000 вольттық ток соғып, хәл үстінде жатыр. Оқиға туралы жеткіншектің туыстары Sputnik Қазақстанға айтып берді.10 жастағы Сергей Хаткевич ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ойын баласын 6000 вольттық тоқ соққан. Оқиға 1 маусым кешкі сағат 18:30 шамасында болған.Бала ток соққанда құлап түскен. Қасындағы балалар жүгіріп көмек сұраған. Ересектердің бірі келіп, бірден жасанды тыныс алу жаттығуын жасап, жедел жәрдем шақырған. Туыстарының айтуынша, Сергейдің жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем оқиға орнына 7 минутта жеткен."Ол жерде ешбір қоршау, ең болмаса ескерту тақтайшасы да жоқ, болмаған да. Ол электр бағанасының маңы тапталып кеткен, бұған дейін де ойын орнына айналып жүрген. Менің бауырым құлағаннан кейін үш күннен соң тағы бір бала сол электр бағанасына шығып ойнаған", - дейді Анастасия Рабиза.Оқиға өткелі бері ол жерге ешбір маман келмеді дейді зардап шеккен баланың туыстары."Сергейдің жағдайы өте ауыр, ешбір оңалу жоқ. Жансақтау бөлімінде жатыр. Оның зақымданбаған жері жоқ. Үшінші дәрежелі күйік алған. Міне бір апта өтті, ешбір маман келіп, ең болмаса жан-жағын қоршап, тақтайша да ілмеді, қауіпті электр бағанасы сол ашық күйде тұр", - дейді әпкесі.Қарағанды облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
https://sputnik.kz/20260507/aqmola-oblysynda-zhuk-poyyzynyn-ustine-shyqqan-er-adamdy-toq-soqty-63239647.html
қарағанды облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/02/03/42034637_84:0:2813:2047_1920x0_80_0_0_ee1ba1a454c1a06fc9baa0c0fcbaca85.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қарағанды облысы, тоқ соғу, электр желісі
қарағанды облысы, тоқ соғу, электр желісі
"Жағдайы өте ауыр": Қарағанды облысында 10 жастағы баланы тоқ соқты
14:12 08.06.2026 (жаңартылды: 14:55 08.06.2026) Оқиға 1 маусым кешкі сағат 18:30 шамасында болған
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қарағанды облысы Долинка ауылында он жастағы баланы 6000 вольттық ток соғып, хәл үстінде жатыр. Оқиға туралы жеткіншектің туыстары
Sputnik Қазақстанға айтып берді.
10 жастағы Сергей Хаткевич ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Ойын баласын 6000 вольттық тоқ соққан. Оқиға 1 маусым кешкі сағат 18:30 шамасында болған.
"Менің інім электр бағанасына шыққан. Ол электр бағанасына балалар ылғи шығып ойнап жүреді екен, дәл ойын алаңынан небәрі 2 метр жерде ғана тұр", - дейді Сергейдің әпкесі Анастасия Рабиза.
Бала ток соққанда құлап түскен. Қасындағы балалар жүгіріп көмек сұраған. Ересектердің бірі келіп, бірден жасанды тыныс алу жаттығуын жасап, жедел жәрдем шақырған. Туыстарының айтуынша, Сергейдің жүрегі тоқтап қалған. Жедел жәрдем оқиға орнына 7 минутта жеткен.
"Ол жерде ешбір қоршау, ең болмаса ескерту тақтайшасы да жоқ, болмаған да. Ол электр бағанасының маңы тапталып кеткен, бұған дейін де ойын орнына айналып жүрген. Менің бауырым құлағаннан кейін үш күннен соң тағы бір бала сол электр бағанасына шығып ойнаған", - дейді Анастасия Рабиза.
Оқиға өткелі бері ол жерге ешбір маман келмеді дейді зардап шеккен баланың туыстары.
"Сергейдің жағдайы өте ауыр, ешбір оңалу жоқ. Жансақтау бөлімінде жатыр. Оның зақымданбаған жері жоқ. Үшінші дәрежелі күйік алған. Міне бір апта өтті, ешбір маман келіп, ең болмаса жан-жағын қоршап, тақтайша да ілмеді, қауіпті электр бағанасы сол ашық күйде тұр", - дейді әпкесі.
Қарағанды облыстық полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
"Жарақат алу фактісі бойынша полицияда іс тіркеліп, материалдар Қарағанды облысы бойынша атом және энергетикалық қадағалау бақылау комитетінің аумақтық департаментіне қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау үшін жіберілді", - дейді полиция.