https://sputnik.kz/20260507/aqmola-oblysynda-zhuk-poyyzynyn-ustine-shyqqan-er-adamdy-toq-soqty-63239647.html
Ақмола облысында жүк пойызының үстіне шыққан ер адамды тоқ соқты
Ақмола облысында жүк пойызының үстіне шыққан ер адамды тоқ соқты
Sputnik Қазақстан
Ол жүк пойызымен баратын жеріне тегін жетіп аламын деп ойлаған 07.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-07T13:05+0500
2026-05-07T13:05+0500
2026-05-07T13:05+0500
көкшетау
пойыз
жарақат
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43710795_0:98:1200:773_1920x0_80_0_0_08cca368eff0789f856341e2e0553f5e.jpg
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Көкшетау станциясында ер адамды жоғары кернеулі тоқ соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 40 жастағы ер адам "Көкшетау - Жаңа Есіл" бағытындағы жүк пойызымен баратын жеріне тегін жетіп аламын деп ойлаған.Ол үшін пойыздың үстіне шығып алған. Сол кезде денесі жоғары кернеулі сымға тиіп, оны кем дегенде 27000 кВт тоқ соққан. Жарты денесі күйген ер адамды ауруханаға жеткізген.Денсаулық басқармасында хабарлағандай, ер адам қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.Көліктегі полиция теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары басталды.
https://sputnik.kz/20260411/aqmola-oblysynda-zhasospirim-poyyz-ustinen-qulap-ketti-62599779.html
көкшетау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43710795_85:0:1116:773_1920x0_80_0_0_eb714c4aafc545f419ad339694b53745.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көкшетау, пойыз, жарақат
Ақмола облысында жүк пойызының үстіне шыққан ер адамды тоқ соқты
Ол жүк пойызымен баратын жеріне тегін жетіп аламын деп ойлаған
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Көкшетау станциясында ер адамды жоғары кернеулі тоқ соқты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 40 жастағы ер адам "Көкшетау - Жаңа Есіл" бағытындағы жүк пойызымен баратын жеріне тегін жетіп аламын деп ойлаған.
Ол үшін пойыздың үстіне шығып алған. Сол кезде денесі жоғары кернеулі сымға тиіп, оны кем дегенде 27000 кВт тоқ соққан. Жарты денесі күйген ер адамды ауруханаға жеткізген.
Денсаулық басқармасында хабарлағандай, ер адам қазір жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Көліктегі полиция теміржол көлігі жүрісі немесе оны пайдалану қауіпсіздігі қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу шаралары басталды.