Ақмола облысында жасөспірім пойыз үстінен құлап кетті

Жүк пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2026
Жазылу
Оқиға 10 сәуір күні Жайнақ станциясында болған
АСТАНА, 11 сәуір – Sputnik. Ақмола облысында жасөспірім пойыз үстінен құлап, жарақат алып қалды.
Оқиға 10 сәуір күні Жайнақ станциясында болған.
Желідегі ақпарат бойынша, 14 жастағы жасөспірім жүк пойызының үстінен құлап түскен. Жасөспірімдер бір вагоннан екіншісіне секіріп жүрген.
Облыстық полиция олардың кім екенін анықтады.
"Кәмелетке толмағандардың жеке басы анықталды. Секіру салдарынан кәмелетке толмағандардың бірі дене жарақатын алып, Астанадағы ауруханаға жатқызылды", - деп жазылған хабарламада.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Кейіннен іс Астана қаласына жолданады, дейді полицияда.
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.04.2026
Алматы облысында жасөспірім қыз зорланды: 8 күдіктінің екеуі ұсталды
Жаңалықтар
0