Астанада тәрбиешіге қатысты қылмыстық іс қозғалды

© Photo : Esi GrünhagenРебенок играет
Ребенок играет - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Балабақшаға баратын бүлдіршіннің денесінен соққының іздері табылған
АСТАНА, 4 қыркүйек – Sputnik. Астана тұрғыны әлеуметтік желіде балабақша тәрбиешісі сіңлісін ұрғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, сіңлісінің денесінде соққының іздері қалған. Полиция бұл жайтқа қатысты ақпарат берді.
"Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау, оның ішінде оған қатыгездікпен қарау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - дейді полицейлер.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шешім қабылданады.
Астанада 3 жасар баланы тәрбиеші ұрып-соққан  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.12.2025
Сөйлемей қалған: Астанада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан
Жаңалықтар
0