https://sputnik.kz/20251218/soylemey-qalgan-astanada-tarbieshi-3-zhasar-balany-uryp-soqqan--59689088.html
Сөйлемей қалған: Астанада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан
Сөйлемей қалған: Астанада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан
Sputnik Қазақстан
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады 18.12.2025, Sputnik Қазақстан
2025-12-18T11:29+0500
2025-12-18T11:29+0500
2025-12-18T11:29+0500
астана
балабақша
тәрбиеші
ұрып-соғу
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_0:0:3797:2135_1920x0_80_0_0_a7ec0daf0ae7324cb36b3d1c11236fa8.jpg
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында тәрбиеші үш жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда тәрбиешінің баланы ұрған әртүрлі сәттері түсірілген. Анасы баласының денесінен көгерген іздерді байқап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарауды талап етеді. Бейнежазбада балабақша қызметкері баланы қатты жұлқылап, басын қабырғаға соққаны тіркелген. Полиция шақырылғаннан кейін тәрбиеші өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан. Анасының айтуынша, оқиғадан кейін тілі енді шыға бастаған бала сөйлеуден қалған.
https://sputnik.kz/20250423/ulytau-oblysynda-balany-urgan-balabaqsha-tarbieshisi-sottaldy-52758335.html
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/834/57/8345771_168:0:3543:2531_1920x0_80_0_0_78591fa073c94a665fe9ef2f10ae5455.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, балабақша, тәрбиеші, ұрып-соғу
астана, балабақша, тәрбиеші, ұрып-соғу
Сөйлемей қалған: Астанада тәрбиеші 3 жасар баланы ұрып-соққан
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады
АЛМАТЫ, 18 желтоқсан - Sputnik. Астана қаласындағы "Алтоша" балабақшасында тәрбиеші үш жасар баланы ұрып-соққан, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Онда тәрбиешінің баланы ұрған әртүрлі сәттері түсірілген.
Анасы баласының денесінен көгерген іздерді байқап, бейнебақылау камераларындағы жазбаларды қарауды талап етеді.
Бейнежазбада балабақша қызметкері баланы қатты жұлқылап, басын қабырғаға соққаны тіркелген. Полиция шақырылғаннан кейін тәрбиеші өзіне зиян келтіремін деп қорқытқан.
Анасының айтуынша, оқиғадан кейін тілі енді шыға бастаған бала сөйлеуден қалған.
"Қараша айында жекеменшік балабақшада тәрбиешінің үш жасар балаға қатысты күш қолдану фактісі расталды. Қазіргі уақытта ол қызметінен босатылды. Басқарма мамандары балабақша тәрбиешілерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы факті бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізеді", - дейді Астана қаласының білім басқармасы.