https://sputnik.kz/20260904/aqsh-polshada-ukraina-qaruly-kushterinin-tekhnikasyna-qyzmet-korsetuge-238-mln-dollar-boldi-66369195.html
АҚШ Польшада Украина қарулы күштерінің техникасына қызмет көрсетуге 238 млн доллар бөлді
АҚШ Польшада Украина қарулы күштерінің техникасына қызмет көрсетуге 238 млн доллар бөлді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. АҚШ үкіметінің шығындар жөніндегі порталының деректеріне сәйкес, Америка Киевке жеткізілген қару-жараққа қызмет көрсететін... 04.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-04T08:52+0500
2026-09-04T08:52+0500
2026-09-04T08:52+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/11/28/112805_119:0:2590:1390_1920x0_80_0_0_53afbeb71775c8bb933ac26fd0e41c9d.jpg
АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. АҚШ үкіметінің шығындар жөніндегі порталының деректеріне сәйкес, Америка Киевке жеткізілген қару-жараққа қызмет көрсететін Польшадағы техникалық қолдау орталығын қаржыландыруға 238 миллион доллардан астам қаражат бөлді.Бұл туралы РИА новости жазды.Бұл қаражат Польшаның Ясенка қаласындағы техникалық және логистикалық қолдау орталығын басқаратын Amentum Services компаниясына бөлінді. Орталық мамандары жеткізілген қару-жарақты күтіп ұстау мәселелері бойынша Украина әскерилеріне қашықтан көмек көрсетеді және қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізуді үйлестіреді.Келісімшарт 2022 жылдың желтоқсанында 35,7 млн доллар сомасына жасалған болатын. Содан бері оған 29 рет өзгеріс енгізіліп, бөлінген қаржы көлемі 238,2 миллион долларға дейін өсті. АҚШ-тың "Атлантикалық шешім" операциясы бойынша бас инспекторларының соңғы тоқсандық есебіне сәйкес, Ясенка хабынан көрсетілетін қашықтықтан техникалық қолдау Украина Қарулы күштері пайдаланатын 34 қару жүйесін қамтиды.
https://sputnik.kz/20260901/tramp-ukrainaga-komektesip-zhatqanyn-aytty-66259181.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/28/112805_428:0:2281:1390_1920x0_80_0_0_3a20a755b6a63bfa6b7ffb592da4378e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ Польшада Украина қарулы күштерінің техникасына қызмет көрсетуге 238 млн доллар бөлді
АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. АҚШ үкіметінің шығындар жөніндегі порталының деректеріне сәйкес, Америка Киевке жеткізілген қару-жараққа қызмет көрсететін Польшадағы техникалық қолдау орталығын қаржыландыруға 238 миллион доллардан астам қаражат бөлді.
Бұл туралы
РИА новости жазды.
Бұл қаражат Польшаның Ясенка қаласындағы техникалық және логистикалық қолдау орталығын басқаратын Amentum Services компаниясына бөлінді. Орталық мамандары жеткізілген қару-жарақты күтіп ұстау мәселелері бойынша Украина әскерилеріне қашықтан көмек көрсетеді және қажетті қосалқы бөлшектерді жеткізуді үйлестіреді.
Келісімшарт 2022 жылдың желтоқсанында 35,7 млн доллар сомасына жасалған болатын. Содан бері оған 29 рет өзгеріс енгізіліп, бөлінген қаржы көлемі 238,2 миллион долларға дейін өсті.
АҚШ-тың "Атлантикалық шешім" операциясы бойынша бас инспекторларының соңғы тоқсандық есебіне сәйкес, Ясенка хабынан көрсетілетін қашықтықтан техникалық қолдау Украина Қарулы күштері пайдаланатын 34 қару жүйесін қамтиды.