Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинаға көмектесіп жатқанын айтты

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Трамп сонымен қатар Байден сияқты Киевке қару-жарақ үшін 300 миллиард доллар бөле алмайтынын айтты
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинаға көмектесіп жатқанын, бірақ Еуропа оның ақысын төлеп жатқанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден Украинаға 300 миллиард доллардан астам қаражат берді. Мен де Украинаға көмектесіп жатырмын... Бірақ Еуропа оның ақысын төлеп жатыр", - деді Трамп тілшілерге.
Ол америкалық көмек Еуропа елдері мен НАТО-ға баратынын мәлімдеді. Оның айтуынша, олар бұл үшін АҚШ-қа ақша төлейді.
Трамп сонымен қатар Байден сияқты Киевке қару-жарақ үшін 300 миллиард доллар бөле алмайтынын айтты.
"Мен мұны істей алмаймын", - деді ол.
Президент США Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Мәскеу мен Киев қақтығыстың аяқталғанын қалайды – Трамп
Жаңалықтар
0