Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды

© Sputnik/Ертай СарбасовШыңғыс Әрінов
Шыңғыс Әрінов - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2026
Жазылу
Ол бұған дейін төтенше жағдайлар министрі қызметін атқарды
АСТАНА, 4 қыркүйек — Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының әкімі лауазымына Шыңғыс Әріновты тағайындалды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды", - деп жазды президенттің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Алматы облысының әкімі лауазымынан Марат Сұлтанғазиев босатылған болатын.
Әрінов туралы не білеміз?
Шыңғыс Сайранұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген. Одан кейін Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясында "Құқықтану", Азаматтық авиация академиясында "Тасымалды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану" бойынша білім алған.
2006-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кадрында әртүрлі офицерлік және басшы лауазымдарда қызмет атқарған.
2022-2024 жылдары Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы болды. Ал 2024 жылы ақпан айында төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалған болатын. Президент кешегі жарлығымен Әріновтың орнына Мұрат Мұхановты тағайындады.
Мұрат Мұханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшы келді
Жаңалықтар
0