Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшы келді

Мұрат Мұханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Шыңғыс Әрінов 2024 жылдың ақпанынан бері осы лауазымда қызмет атқарып келеді
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Президент жаңа төтенше жағдайлар министрін тағайындады.
"Мұрат Мұханов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған жарлықта.
Шыңғыс Әрінов 2024 жылдың ақпанынан бері осы лауазымда қызмет атқарып келеді.

Мұханов туралы не білеміз

Мұрат Сейтмолдаұлы 1985 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын, РФ Азаматтық қорғаныс істері министрлігі Санкт-Петербург мемлекеттік өртке қарсы қызмет университетін бітірген.
Еңбек жолын 2006 жылы Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау басқармасының нормативтік-техникалық бөлімінде бас маман болып бастады.
2006 жылдан 2014 жылға дейін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті құрылымында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2014–2017 жылдары — Маңғыстау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет бөлімінің бастығы, Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бастығы.
2017–2020 жылдары — Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.
2020–2023 жылдары — Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
2023–2024 жылдары — ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасарының міндетін атқарушы.
2024-2026 жылдары ҚР ТЖМ Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы.
Тағайындау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Тәкиев пен Сауранбаев үкіметтегі өз орындарын сақтап қалды
Жаңалықтар
0