Тәкиев пен Сауранбаев үкіметтегі өз орындарын сақтап қалды

© Sputnik / Владислав ВодневТағайындау
Тағайындау - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Тоқаев Әділет министрлігінің басшысын да қайта тағайындады
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің орынбасары мен үш министрліктің басшысын тағайындады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бозымбаев премьер-министрдің орынбасары лауазымына қайта тағайындалды. Ол бұл қызметке 2024 жылы тағайындалған болатын.
Сонымен қатар Мәди Такиев те қаржы министрі лауазымын сақтап қалды. Тәкиев 2024 жылдың ақпанында ведомствоға басшы болып барған.
2025 жылдың маусымында көлік министрі лауазымына тағайындалған Нұрлан Сауранбаев та өз қызметінде қалды.
Тоқаев Әділет министрлігінің басшысын да қайта тағайындады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған жарлықта.
Сәрсембаев 2025 жылдың қаңтарында осы лауазымға тағайындалған болатын.
Жарлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Президент премьер-министрдің үш орынбасарын тағайындады
Жаңалықтар
0