Президент премьер-министрдің үш орынбасарын тағайындады

© Sputnik / Виктор ТолочкоЖарлық
Жарлық - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Сонымен қатар президент Нұрлыбек Нәлібаевты премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындады
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан премьер-министрінің үш орынбасарын тағайындады.
Президенттің сәйкес жарлығымен:
Ғалымжан Қойшыбаев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына;
Серік Жұманғарин Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына.
Жаслан Мәдиев Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі лауазымына тағайындалды.
Сонымен қатар президент Нұрлыбек Нәлібаевты премьер-министрдің бірінші орынбасары лауазымына тағайындады.
Бұған дейін Тоқаев қорғаныс және ішкі істер министрлерін қайта тағайындады.
Олжас Бектенов - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Құрылтай сайлауы - 2026
Олжас Бектенов премьер-министр қызметіне қайта тағайындалды
Жаңалықтар
0