Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Киевтің әрекеті қақтығысты бейбіт жолмен реттеуді қиындатып отыр – Путин

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуВладимир Путин
Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Путиннің айтуынша егер Киев бұл қоқан-лоққысын жүзеге асыруға әрекет жасаса, Ресей оған жауап береді
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Киевтің әрекеті Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеу мүмкіндігін қиындатып отыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин Шығыс экономикалық форумының пленарлық отырысында.
Оның айтуынша, Владимир Зеленскийдің Ресей аумағындағы азаматтық ұшақтарға қатысты мәлімдемесі мемлекеттік терроризм болып саналады.
"Біз азаматтық әуе кемелеріне шабуыл жасау қаупі туралы естідік – бұл, әрине, мемлекеттік терроризмнің көрінісі. Егер Киев бұл қоқан-лоққысын жүзеге асыруға әрекет жасаса, Ресей оған жауап береді. Бұл екіжақты бейбіт келіссөз жүргізу мүмкіндігін қиындататыны сөзсіз", – деді Путин.
Ресей президенті Киевтің Батыстағы одақтастары бұл мәселеге үнсіз қалса, халықаралық терроризмге сыбайлас болатынын атап өтті.
"Бұған назар аудармайтындар – ең алдымен, Украинаның Батыстағы одақтастарын айтып отырмын – халықаралық терроризмге сыбайлас болады. Ал қалайша? Мұны басқаша түсіндіру мүмкін емес", – деді Путин.
Оның айтуынша, Киев пен еуропалықтардың агрессивті әрекеті қақтығысты реттеу мүмкіндіктерін қиындатып отыр. Сонымен қатар ол бейбітшілікке қол жеткізу мүмкіндігі бар екенін атап өтті.
"Ең алдымен Ресей мен Украина өзара келісуі керек. Қалған барлық ел қолдауға және көмектесуге дайын", – деп түсіндірді Путин.
Оның сөзінше, Мәскеу мен Киев арасындағы байланыс тоқтаған жоқ. Қазіргі таңда екі тарап негізінен арнайы қызметтер арқылы байланысып отыр.
Вашингтонмен диалог туралы айта келе, Путин Кремль қарым-қатынасты толық форматта қалпына келтіруді жақтайтынын нақтылады. Оның сөзінше, АҚШ президенті Дональд Трамп сындарлы жұмыс жүргізуге ниетті.
Ресей президенті Украинадағы қақтығысты шешуге үлес қосуға тырысып жатқан барлық тарапқа алғыс білдіретінін айтты.
"Ең алдымен, бұл мәселені қақтығысқа қатысып отырған елдер – Ресей мен Украина шешуі керек. Алайда өз үлесін қосуға тырысып жатқан барлық тарапқа алғысымызды білдіреміз", – деді Путин Шығыс экономикалық форумы пленарлық отырысында.
Шығыс экономикалық форумы 1-4 қыркүйек аралығында Владивостокта өтіп жатыр.
Пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Украина бойынша келіссөздер процесі уақытша тоқтап тұр - Песков
Жаңалықтар
0