Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина бойынша келіссөздер процесі уақытша тоқтап тұр - Песков

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуПресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков
Пресс-секретарь президента РФ Дмитрий Песков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Ол бұған дейін Кремль Украинадағы бейбітшілік процесіне қатысты әртүрлі ұсыныстарды жария түрде талқыламайды деп мәлімдеген
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың айтуынша, Украина бойынша келіссөздер процесі уақытша тоқтап тұр.
"Бейбітшілік келіссөздері мәселесі қазір уақытша тоқтап тұр және жаңа идеялар жоқ", - деді Песков тілшілерге.
Ол бұған дейін Кремль Украинадағы бейбітшілік процесіне қатысты әртүрлі ұсыныстарды жария түрде талқыламайды деп мәлімдеген.
"Әрине, бейбітшілік процесінің әртүрлі тәсілдеріне қатысты әртүрлі ұсыныстарда пайда болуы мүмкін әртүрлі мәліметтерді жария түрде талқылау дұрыс емес. Сондықтан мен олай істегім келмейді", - деді Песков.
Сонымен қатар Песков Ресей Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге ашық екенін айтты.
Москва - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Кремль Түркияның Украина бойынша жәрдемдесуге дайын екенінен хабардар - Песков
Жаңалықтар
0