https://sputnik.kz/20260716/kreml-turkiyanyn-ukrainaga-boyynsha-zhardemdesuge-dayyn-ekeninen-khabardar---peskov-64975420.html
Кремль Түркияның Украина бойынша жәрдемдесуге дайын екенінен хабардар - Песков
Кремль Түркияның Украина бойынша жәрдемдесуге дайын екенінен хабардар - Песков
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ресей Түркияның Украинаға қатысты жағдайды бейбіт арнаға бұруға көмектесуге дайын екенін біледі және бұл үшін Анкараға ризашылық... 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T20:20+0500
2026-07-16T20:20+0500
2026-07-16T20:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/04/04/62422139_0:138:3395:2048_1920x0_80_0_0_84a535753395906d665d9ec03b4cc8ef.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ресей Түркияның Украинаға қатысты жағдайды бейбіт арнаға бұруға көмектесуге дайын екенін біледі және бұл үшін Анкараға ризашылық білдіреді, деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.Бұл туралы РИА новости жазды.Журналистер Песковтан Түркияның делдалдығымен Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерді қайта бастау перспективаларын Кремль қалай бағалайтынын сұрады. Бұған дейін Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия бұл іске көмек көрсетуге дайын екендігін айтқан болатын.Фидан бұған дейін қиын жағдайға қарамастан, Түркияның Украинадағы атысты тоқтатуға үміт артатынын және қақтығысты реттеу мүмкіндіктері сақталып отыр, деп санайтынын мәлімдеген болатын.
https://sputnik.kz/20260716/turkiya-ukrainadagy-atysty-toqtatuga-ali-de-umit-artady--khakan-fidan-64955523.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/04/04/62422139_664:0:3395:2048_1920x0_80_0_0_5fadf93efebfe9ce031065f1ccf57b3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Кремль Түркияның Украина бойынша жәрдемдесуге дайын екенінен хабардар - Песков
20:20 16.07.2026 (жаңартылды: 20:53 16.07.2026) АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Ресей Түркияның Украинаға қатысты жағдайды бейбіт арнаға бұруға көмектесуге дайын екенін біледі және бұл үшін Анкараға ризашылық білдіреді, деді Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.
Бұл туралы
РИА новости жазды.
Журналистер Песковтан Түркияның делдалдығымен Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу жөніндегі келіссөздерді қайта бастау перспективаларын Кремль қалай бағалайтынын сұрады.
Бұған дейін Түркия сыртқы істер министрі Хакан Фидан Түркия бұл іске көмек көрсетуге дайын екендігін айтқан болатын.
"Біз түрік достарымыздың Украина төңірегіндегі жағдайды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған үдеріске жәрдемдесуді жалғастыруға дайын екенін жақсы білеміз. Осы үшін түрік тарапына ризашылығымызды білдіреміз", — деді Песков тілшілерге.
Фидан бұған дейін қиын жағдайға қарамастан, Түркияның Украинадағы атысты тоқтатуға үміт артатынын және қақтығысты реттеу мүмкіндіктері сақталып отыр, деп санайтынын мәлімдеген болатын.