Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Түркия Украинадағы атысты тоқтатуға әлі де үміт артады – Хакан Фидан

© Sputnik / Владислав ВодневВизит главы МИД Турции Хакана Фидана
Визит главы МИД Турции Хакана Фидана - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Жазылу
Хакан Фидан Анкара бейбіт шешім табу үшін барлық тараппен жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Түркия Украинадағы атысты тоқтату мүмкіндігі әлі де бар деп есептейді. Бұл туралы Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Киевте өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
"Осы қою қараңғылықтың соңында жарық көріне бастаған шығар. Сондықтан үмітімізді үзбейміз", – деді Фидан.
Оның айтуынша, Анкара дипломатиялық байланыс орнатуды жалғастырып, тараптардың келіссөз үстеліне қайта оралуына үміт артады.
Министрдің сөзінше, қазіргі күрделі жағдайға қарамастан, Түркия атысты тоқтату және қақтығысты саяси жолмен реттеу мүмкіндігі сақталып отыр деп санайды.
Сондай-ақ Хакан Фидан Анкара бейбіт шешім табу үшін барлық тараппен жұмысты жалғастыратынын атап өтті.
Жаңалықтар
0