Экология және табиғи ресурстар министрі ауысты

© Photo : АО "НК "KAZAKH INVEST"Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
АСТАНА, 3 қыркүйек - Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрлігіне жаңа басшы келді.
Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп хабарлады Ақорда.
Бұған дейін бұл қызметті Ерлан Нысанбаев атқарды.

Әлібек Қуантыров туралы не білеміз?

Ол 1983 жылы Атырау қаласында туған.
Томск мемлекеттік университетін, Мичиган университетін бітірген, қолданбалы экономика магистрі. Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын 2005 жылы экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жетекші маманның міндетін атқарушы болып бастады.
2005-2010 жылдары экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.
2010-2013 жылдары қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау және болжамдау департаменті директорының орынбасары болды.
2013 жылы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.
2013-2019 жылдары ҚР Президент Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарды.
2019-2021 жылдары Қазақстанның тұңғыш президенті — Елбасы кеңсесінің ақпараттық-сараптамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісінің орынбасары, 2021-2022 жылдары ұлттық экономика вице-министрі, 2022-2024 жылдары — ұлттық экономика министрі қызметін атқарған.
2024 жылдың сәуірінде Kazenergy қауымдастығының бас директоры болды.
2024 жылдың шілдесінде сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Мұрат Мұханов - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Төтенше жағдайлар министрлігіне жаңа басшы келді
Жаңалықтар
0