Атбасарда футбол кезінде ойыншы қайтыс болды

© Pixabay / Andy03Футбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.09.2026
Жазылу
Матч кезінде жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған
АСТАНА, 3 қыркүйек – Sputnik. Атбасар қаласында футбол матчы кезінде ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 58 жастағы ер адам аймақтық жарысқа Астанадан барған.
Матч кезінде жағдайы күрт нашарлап, есінен танып қалған. Дәрігерлер оған көмек беруге тырысқан. Бірақ ер адам есін жимастан қайтыс болды.
Облыстық полиция қайғылы оқиғаның болғанын растады. Қазіргі кезде Атбасар аудандық полициясы 1968 жылы туған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғады.
"Алдын ала мәліметке сәйкес, өлімнің себебі – жүрек ауруы. Тексеріс жалғасып жатыр. Соның нәтижесінде нақты шешім қабылданады", - дейді полицейлер.
Футбол. РПЛ. Матч Спартак – Нижний Новгород - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.08.2026
Матч кезінде есінен танып қалған: 25 жастағы футболшы көз жұмды
Жаңалықтар
0