Күн қайта жылынады: синоптиктер үш күнге ауа райы болжамын жасады

© Sputnik/Ертай СарбасовФонтаны в Алматы
Фонтаны в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды
АСТАНА, 2 қыркүйек – Sputnik. "Қазгидромет" 3-5 қыркүйекке жасалған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық қысым жоғарылайды, ауа райы негізінен құрғақ болады.
"Суық ауа массаларының әсері біртіндеп әлсіреуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы жоғарылайды. Алайда солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде түнгі уақытта күн салқын болады", - деп жазылған хабарламада.
Солтүстік-шығыста, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронттардың әсерінен кей жерлерде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады. Жел күшейеді.
Күндіз ауа температурасы:
батыста, солтүстік-батыста және оңтүстікте – +28…+33°С;
солтүстікте, шығыста және орталықта – +23…+30°С;
оңтүстік-шығыста – +20…+27°С, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда – +10…+15°С.
Жаңбыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жаңбыр қарға ұласып, үсік жүреді: қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
Жаңалықтар
0