Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 2 қыркүйек

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 2 қыркүйек
Күнтізбе - 2 қыркүйек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
2 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
2 қыркүйектің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

2 қыркүйекте қандай айтулы оқиға болды

2 қыркүйекте Ресейде Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні (1945 жыл) аталып өтеді. Бұл дата 2010 жылдың 23 шілдесінде бекітілген. Нақтырақ айтсақ, бұл күнді жаңа мереке деп айта алмаймыз. Ол 1945 жылы 3 қыркүйекте, яғни Жапонияның капитуляциясынан кейін келесі күні КСРО Жоғарғы кеңесі төралқасының жарлығымен Жапонияны жеңген күн ретінде белгіленген болатын. Бірақ көп жылдар бойы атаулы даталардың ресми күнтізбесінде бұл мереке көрсетілмей келді.
АҚШ пен Канадада бүгін Еңбек күні (Labor Day) аталып өтеді. Америкада Еңбек күні алғаш рет 1882 жылы тойланған. Ал 1894 жылы ол жалпымемлекеттік демалыс күні ретінде бекітілді.
Бұдан бөлек, 2 қыркүйекте Вьетнам мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді.

2 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1864 жылы АҚШ Азаматтық соғысы кезінде Атланта қаласы Солтүстік әскерінің бақылауына өтті;
1945 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс ресми түрде аяқталды;
1958 жылы Қытай телевизиясы алғаш рет эфирге шықты;
1971 жылы Біріккен Араб Республикасы Мысыр және Сирияға бөлінді;
1996 жылы Украинада жаңа валюта – гривна енгізілді;
2014 жылы 1840-жылдары жоғалып кеткен британдық HMS Erebus кемесінің қалдықтары табылды.

2 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1938 жылы Алматыны Павлодармен байланыстыратын телеграф желісі жұмысын бастады;
1992 жылы алпыс жылға жуық Карелия жерінде жатқан жазушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың мәйітін Торғай облысының Жангелдин ауданындағы өз атымен аталатын ауылға жерлеу үшін арнайы делегация жолға шықты;
1994 жылы Алматы қаласында әйгілі Райымбеков батыр кесенесінің салтанатты ашылуы өтті;
2011 жылы "Қазақстан" ұлттық арнасы толықтай қазақ тіліндегі хабар таратуға көшті;
2015 жылы Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов мінген "Союз ТМА-18М" зымыран-тасығышы Байқоңырдан ғарышқа ұшырылды.

2 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1926 жылы КСРО халық әртісі, ресейлік театр және кино актері Евгений Леонов дүниеге келді;
1928 жылы америкалық джаз пианисі әрі композитор Хорас Сильвер дүниеге келді;
1944 жылы швейцариялық физик, ұшқыш және астронавт Клод Николье дүниеге келді;
1946 жылы Американың рок-музыка жұлдызы Билли Престон дүниеге келді;
1952 жылы америкалық теннисші, әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы Джимми Коннорс дүниеге келді;
1963 жылы кеңестік және ресейлік футболшы әрі жаттықтырушы Станислав Черчесов дүниеге келді;
1964 жылы америкалық актер және музыкант Киану Ривз дүниеге келді;
1965 жылы абсолютті әлем чемпионы атанған британдық-канадалық боксшы Леннокс Льюис дүниеге келді;

2 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1932 жылы КСРО халық әртісі, Қазақстанның халық қаһарманы, кинорежиссер және театр режиссері Әзербайжан Мәмбетов дүниеге келді;
1937 жылы опера әншісі (баритон), Қазақстанның халық әртісі, Глинка атындағы Бүкілодақтық вокалистер байқауының лауреаты Мұрат Мұсабаев дүниеге келді.
Күнтізбе - 1 қыркүйек - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек
Жаңалықтар
0