Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 қыркүйек

© Sputnik / Владислав ВодневКүнтізбе - 1 қыркүйек
Күнтізбе - 1 қыркүйек - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
1 қыркүйекте не болғанын білесіз бе?
1 қыркүйектің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз

1 қыркүйекте қандай айтулы оқиға болды

Бүгін көптеген елде Білім күні. Оқушылар, студенттер, мұғалімдер, оқытушылар үшін жаңа оқу жылы басталады.
Өзбекстанда бүгін Тәуелсіздік күні тойланады.
Кабардино-Балкарияда республика күні аталып өтеді.
Ал Словакияда — Конституция күні.

1 қыркүйекте әлемде болған тарихи оқиғалар

1492 жылы Русь патшалығында жыл басы 1 наурыздан 1 қыркүйекке ауыстырылды;
1715 жылы Франция королі Людовик XIV қайтыс болды. Ол Францияны 72 жылдан астам басқарған ең ұзақ билік еткен монархтардың бірі болды;
1939 жылы екінші дүниежүзілік соғыс басталды;
1951 жылы Лондонда әлемдегі тұңғыш супермаркет ашылды;
1964 жылы эфирге алғаш рет "Спокойной ночи, малыши" телебағдарламасы шықты;
1969 жылы Ливияда Муаммар Каддафи бастаған әскери төңкеріс болып, король Идрис биліктен тайдырылды.
1985 жылы Ғалымдар "Титаник" кемесінің апат болған орнын Атлант мұхитының түбінен тапты;
1997 жылы жаңа субатомдық бөлшектер – "экзотикалық мезондар" табылды.

1 қыркүйекте Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1923 жылы Қостанай қаласында "Ауыл" (қазіргі "Қостанай таңы") газетінің алғашқы саны жарық көрді. Алғашқы ұйымдастырушы әрі редактор – Мұхамеджан Сералин, жауапты шығарушы - Бейімбет Майлин;
1950 жылы Мұхтар Әуезов Қазақ мемлекеттік университетінде "Абайтану" пәнін енгізді;
1965 жылы "Қазақстан-Семей" телеарнасы құрылды. 1 қыркүйекте Семей телестудиясының алғашқы ресми хабары эфирге шықты;
2000 жылы Түркі халықтарының Алматы мәдениет қоры құрылып, оның демеушілігімен "Түрік дүниесі" газетінің бірінші саны жарыққа шықты;
2001 жылы Қазақстан мен Мысыр республикасы арасындағы екі жақты келісімшарт негізінде Нұр-Мүбәрәк Египет Ислам мәдениеті университеті құрылды;
2006 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайының ашылу салтанаты өтті.

1 қыркүйекте дүниеге келген танымал тұлғалар

1875 жылы Тарзан туралы кітаптарымен танымал жазушы Райс Берроуз дүниеге келді;
1923 жылы америкалық кәсіпқой боксшы, ауыр салмақтағы әлем чемпионы Рокки Марчиано дүниеге келді;
1949 жылы Фидель Кастроның үлкен ұлы, Кубаның Мемлекеттік кеңесінің ғылым жөніндегі кеңесшісі, Куба ғылымдар академиясы президентінің орынбасары Фидель Кастро Диас-Баларт дүниеге келді;
1958 жылы ресейлік театр және кино актері Сергей Гармаш ("Стиляги", "Белая гвардия", "Ленинград 46") дүниеге келді;
1962 жылы нидерландтық футболшы, жаттықтырушы және 1987 жылғы "Алтын доп" иегері Рууд Гуллит дүниеге келді;
1967 жылы америкалық актер және режиссер Томас Джейн дүниеге келді;
1970 жылы америкалық актер Падрейг Паркинсон дүниеге келді.

1 қыркүйекте Қазақстанда кім туды

1910 жылы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор Ізбасар Шағыров дүниеге келді;
1921 жылы ғалым, геология-минерология ғылымдарының докторы Мағауия Ермеков дүниеге келді;
1928 жылы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Хасенхан Талғаров дүниеге келді;
1930 жылы қазақ жазушысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Көкей (Көпжасар) Сақабаев дүниеге келді;
1930 жылы қазақ фантаст-жазушысы Талап Сұлтанбеков дүниеге келді. Ол Алматы облысының Ақсу ауданында туған;
1948 жылы саясат және мемлекет қайраткері, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының бұрынғы әкімі, экс-депутат, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов дүниеге келді.
Жаңалықтар
0