Биыл Қапшағайда 2 млн адам демалған

© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай
Қапшағай - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Жазылу
Шомылу маусымында мұнда 16 құтқарушы кезекшілік атқарса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 17 бейнебақылау камерасы жұмыс істеді
АСТАНА, 2 қыркүйек - Sputnik. Қонаевта демалушылар саны 2 млн адамға жетіп, рекорд жаңарды, деп хабарлайды қалалық әкімдік.
Жаздың үш айында Қапшағай су қоймасына демалуға 2 млн адам келген.
Биыл №4 жағажайға инвестор тартылып, аумақты абаттандыру жұмыстары басталды. Мұнда келушілерге жыл бойы қызмет көрсететін мейрамхана салу жоспарланып отыр.
"Сонымен қатар Солтүстік, №6 және №7 жағажайларды жаңғырту жұмыстары қолға алынды. №6 және №7 жағажайлардағы құрылыс жұмыстары аяқталып, нысандар пайдалануға берілді. Солтүстік жағажайды да жақын арада ашу жоспарланған", - дейді әкімдікте.
№6 және №7 жағажайлардың абаттандырылған аумағы 7,57 гектарды, жағалау сызығы 680 метрді құрайды. Жоба аясында ауыз су және кәріз жүйелері тартылып, қуаттылығы 380 кВт трансформатор орнатылды.
Әкімдік мәліметінше, жағажай аумағында 56 бизнес орны, шағын сәулеттік нысандар, жағажай спортына арналған орындар, жаңа санитарлық тораптар мен шатырлар пайда болды. Шомылу маусымында мұнда 16 құтқарушы кезекшілік атқарса, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 17 бейнебақылау камерасы жұмыс істеді.
Жаз бойы осы жағажайлардан 975 тонна қоқыс шығарылған.
Алакөлде туристер саны 400 мыңға жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
Алакөлде 400 мыңға жуық турист демалды
Жаңалықтар
0