Алакөлде 400 мыңға жуық турист демалды

© Photo : пресс-служба акимата Алматинской областиАлакөлде туристер саны 400 мыңға жетті
Алакөлде туристер саны 400 мыңға жетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.07.2026
Жазылу
Қазіргі таңда жағалауда бір мезетте 21 мыңнан астам адамды қабылдайтын 224 орналастыру орны жұмыс істейді
АСТАНА, 26 шілде – Sputnik. Алакөлде биылғы жылы жаңа нысандар салынып, қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, туристер саны артты, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл аймаққа келген ішкі туристер саны 382 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға өсті. Ал шетелдік туристер саны 60 пайызға артып, 8,2 мың адамды құрады.
"Қазіргі таңда жағалауда бір мезетте 21 мыңнан астам адамды қабылдай алатын 224 орналастыру орны жұмыс істейді. Көл жағалауындағы қауіпсіздік пен санитарлық жағдайға ерекше назар аударылған. Демалушылардың қауіпсіздігі үшін 40 құтқару мұнарасы, жалпы ұзындығы 13 шақырым болатын қалқыма белгілер желісі және 7 пирс қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.
Мұнда күн сайын қоғамдық тәртіпті полиция қызметкерлері қамтамасыз етеді, ал суда құтқарушылар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Маусым басталғалы бері 150-ден астам профилактикалық рейд өткізілген.
На озере Алаколь - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2026
Берік Уәли президентке Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді
Жаңалықтар
0