https://sputnik.kz/20260609/berik-uali-prezidentke-alakol-turistik-aymagyn-damytu-barysy-turaly-aqparat-berdi-64017790.html
Берік Уәли президентке Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді
Берік Уәли президентке Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді
Sputnik Қазақстан
Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген 09.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-09T16:22+0500
2026-06-09T16:22+0500
2026-06-09T16:25+0500
қасым-жомарт тоқаев
абай облысы
берік уәли
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44479115_0:0:960:540_1920x0_80_0_0_3f7b81ca42da42f035964047c3a23403.png
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді, деп хабарлады Ақорда.Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде электр желілерін тарту және Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылған.Сондай-ақ әкім Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берді.Берік Уәлидің айтуынша, өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жетті.Оның айтуынша былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты.Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын "Аягөз – Бақты" теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде.Семей қаласында құны 714 миллиард теңгені құрайтын жаңа жылу электр орталығы мен жалпы инвестиция көлемі 255 миллиард теңге болатын тау-кен байыту комбинатын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр.Облыс әкімі арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да баяндады. Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Үш ірі жоба бойынша ұсыныс келіп түсті.
https://sputnik.kz/20260505/qazaqstan-kurorttarynyn-reytingi-zhariyalandy-63149330.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/16/44479115_120:0:840:540_1920x0_80_0_0_930ad20302b0f81456cf41b472ae5e4e.pngSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, абай облысы, берік уәли
қасым-жомарт тоқаев, абай облысы, берік уәли
Берік Уәли президентке Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді
16:22 09.06.2026 (жаңартылды: 16:25 09.06.2026) Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Абай облысының әкімі Берік Уәли президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Алакөл туристік аймағын дамыту барысы туралы ақпарат берді, деп хабарлады Ақорда.
Биыл жағалау инфрақұрылымын жаңғыртуға 15,4 миллиард теңге бөлінген. Соның ішінде электр желілерін тарту және Үржар әуежайының терминалын реконструкциялау үшін Арнаулы мемлекеттік қордан 11,6 миллиард теңге қарастырылған.
Сондай-ақ әкім Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берді.
Берік Уәлидің айтуынша, өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жетті.
"Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсіп, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында оң динамика сақталды", - деді ол.
Оның айтуынша былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты.
Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын "Аягөз – Бақты" теміржол желісінің құрылысы жүргізілуде.
Семей қаласында құны 714 миллиард теңгені құрайтын жаңа жылу электр орталығы мен жалпы инвестиция көлемі 255 миллиард теңге болатын тау-кен байыту комбинатын салу жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Облыс әкімі арнайы экономикалық аймақ құру жұмыстары туралы да баяндады. Семей қаласында жоспарланған аймақта жалпы құны 400 миллиард теңгені құрайтын өндірістік жобаларды іске асыру және 2500 жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Үш ірі жоба бойынша ұсыныс келіп түсті.