https://sputnik.kz/20260505/qazaqstan-kurorttarynyn-reytingi-zhariyalandy-63149330.html
Қазақстан курорттарының рейтингі жарияланды
Қазақстан курорттарының рейтингі жарияланды
Sputnik Қазақстан
Елде курорттық туризм қарқынды дамып келеді 05.05.2026, Sputnik Қазақстан
2026-05-05T08:00+0500
2026-05-05T08:00+0500
2026-05-05T08:53+0500
туризм
курорт
https://sputnik.kz/img/637/10/6371046_0:7:1200:682_1920x0_80_0_0_b49a20019d9c986adcb0b921beac23e5.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. 2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,9 млн адамға қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,6% көп. Кейінгі бес жылда келушілер саны шамамен 3 есе артқан , деп хабарлады Energyprom.kz.Келушілер саны бойынша абсолютті көшбасшы – Алматы тау кластері. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл аймақтың курорттарына шамамен 3 млн адам барған, бұл елдегі курорттық аймақтарда демалған барлық туристің 60%-дан астамы. Бір жыл ішінде келушілер саны 10% өскен.Кластердің негізгі нысандары:Oi-Qaragai курортына 2025/2026 қысқы маусымында 365 мыңнан астам адам барған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,9% көп. Олардың басым бөлігі шаңғы тебу үшін емес, жалпы демалыс үшін барған.Екінші орынды "Бурабай" (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы) иеленді. Мұнда 463,1 мың адам демалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,6% көп.Бұл аймаққа Бурабай кенті мен Щучинск қаласы кіреді. Негізгі санаторийлер мен демалыс базалары Бурабай, Щучье және Үлкен Шабақты көлдерінің маңында орналасқан. Демалыс қарағайлы орман, емдік климат, балшықпен емдеу және минералды сулармен танымал. Көрікті жерлердің қатарында Оқжетпес тауы мен Көк шығанақ бар.Үздік үштікті Маңғыстау курорттық аймағы түйіндейді – мұнда 370 мың адам болған, алайда демалушылар саны бір жылда 9,5% азайған.Маңғыстау облысындағы негізгі демалыс орындары:Үздік бестікке сондай-ақ Балқаш курорттық аймағы және Жетісу облысындағы Алакөл курорттық аймағы кірді.Қызмет көлемі бойынша рейтингте де дәл осы бағыттар көш бастап тұр. Бірінші орында – Алматы тау кластері (122 млрд теңге, жалпы көлемнің 61,4%).Одан кейін Бурабай (29,2 млрд теңге) және Маңғыстау (19,6 млрд теңге) орналасқан.Сондай-ақ Алакөл мен Түркістан туристік аймақтары үздік бестікті толықтырады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/637/10/6371046_190:0:1099:682_1920x0_80_0_0_975b15f5bd06538a29b79ed52c17ffbf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
туризм, курорт
Қазақстан курорттарының рейтингі жарияланды
08:00 05.05.2026 (жаңартылды: 08:53 05.05.2026) Елде курорттық туризм қарқынды дамып келеді
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. 2025 жылы Қазақстанның курорттық аймақтарында 4,9 млн адамға қызмет көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,6% көп. Кейінгі бес жылда келушілер саны шамамен 3 есе артқан , деп хабарлады
Energyprom.kz.
Келушілер саны бойынша абсолютті көшбасшы – Алматы тау кластері. 2025 жылдың қорытындысы бойынша бұл аймақтың курорттарына шамамен 3 млн адам барған, бұл елдегі курорттық аймақтарда демалған барлық туристің 60%-дан астамы. Бір жыл ішінде келушілер саны 10% өскен.
Кластердің негізгі нысандары:
жыл бойы жұмыс істейтін Oi-Qaragai" курорты.
Oi-Qaragai курортына 2025/2026 қысқы маусымында 365 мыңнан астам адам барған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,9% көп. Олардың басым бөлігі шаңғы тебу үшін емес, жалпы демалыс үшін барған.
Екінші орынды "Бурабай" (Щучинск-Бурабай курорттық аймағы) иеленді. Мұнда 463,1 мың адам демалған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 33,6% көп.
Бұл аймаққа Бурабай кенті мен Щучинск қаласы кіреді. Негізгі санаторийлер мен демалыс базалары Бурабай, Щучье және Үлкен Шабақты көлдерінің маңында орналасқан. Демалыс қарағайлы орман, емдік климат, балшықпен емдеу және минералды сулармен танымал. Көрікті жерлердің қатарында Оқжетпес тауы мен Көк шығанақ бар.
Үздік үштікті Маңғыстау курорттық аймағы түйіндейді – мұнда 370 мың адам болған, алайда демалушылар саны бір жылда 9,5% азайған.
Маңғыстау облысындағы негізгі демалыс орындары:
Ақтау – теңіз жағасындағы басты курорттық қала,
Кендірлі – Каспий жағалауындағы тыныш демалыс аймағы,
Форт-Шевченко – тарихи қала,
басқа да жағалау базалары.
Үздік бестікке сондай-ақ Балқаш курорттық аймағы және Жетісу облысындағы Алакөл курорттық аймағы кірді.
Қызмет көлемі бойынша рейтингте де дәл осы бағыттар көш бастап тұр. Бірінші орында – Алматы тау кластері (122 млрд теңге, жалпы көлемнің 61,4%).
Одан кейін Бурабай (29,2 млрд теңге) және Маңғыстау (19,6 млрд теңге) орналасқан.
Сондай-ақ Алакөл мен Түркістан туристік аймақтары үздік бестікті толықтырады.