Жаңақорғанда тау-кен байыту комбинатының құрылысы басталды

© Акимат Кызылординской области Старт строительству нового крупного горно-обогатительного комбината дали на юге Казахстана
Старт строительству нового крупного горно-обогатительного комбината дали на юге Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. "Бурабай-Жалғызағаш" тау-кен байыту комбинатының құрылысы ресми түрде басталды, деп хабарлады Қызылорда облысының әкімдігі.
Ауқымды әрі заманауи жобаны "Liaoning Hongda Group" компаниясы Жаңақорған ауданындағы Шалқия кентінде жүзеге асырып жатыр.
"Тау-кен байыту комбинатының құрылысына 138 млрд теңге қарастырылған. Жоба толық іске қосылғанда жылына 210 мың тонна қорғасын-мырыш шикізатын және 20 тонна күміс өндіру жоспарланып отыр. Ең бастысы, 550-ден астам жаңа жұмыс орны ашылады", - деп жазылған хабарламада.
Тау-кен байыту комбинатын алдағы екі жыл ішінде салып, 2028 жылы толық аяқтау жоспарланған.
Производство  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Қазақстанда 2026 жылы 200 индустриялық жоба іске қосылады
Жаңалықтар
0