https://sputnik.kz/20260716/qazaqstanda-2026-zhyly-200-industriyalyq-zhoba-iske-qosylady-64946474.html
Қазақстанда 2026 жылы 200 индустриялық жоба іске қосылады
Қазақстанда 2026 жылы 200 индустриялық жоба іске қосылады
Sputnik Қазақстан
Жалпы құны 267 млрд теңге болатын 77 жоба іске қосылды 16.07.2026, Sputnik Қазақстан
2026-07-16T09:45+0500
2026-07-16T09:45+0500
2026-07-16T09:45+0500
индустрияландыру
жұмыс
үкімет
https://sputnik.kz/img/07ea/07/10/64945016_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_6b854b634de5db04f734753e159a81a1.jpg
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылы жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 индустриялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады үкімет.Жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 18 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда жалпы құны 267 млрд теңге болатын 77 жоба іске қосылып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылған.Сондай-ақ биыл Қазақстанда бұрын өндірілмеген 15-тен астам жаңа тауар түрін шығару басталады. Олардың қатарында бірегей ірі габаритті машина жасау тораптары, арнайы техника, сутегі және күрделі минералды тұздар бар.Өнеркәсіптік жобалардың қатарында 17 серпінді жобаға ерекше назар аударылып отыр. Бұл жобалар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруды дамытуға, отандық шикізатты тиімді пайдалануға және іргелес өндірістік кластерлерді қалыптастыруға бағытталған.Осы бағдарлама аясында Қостанай облысында KIA Qazaqstan және Алматыда "Astana Motors Manufacturing Kazakhstan" зауыттары іске қосылды.Сонымен қатар өңірлерде ірі өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Павлодар облысында "Mineral Product International" компаниясының металлургиялық кластері құрылуда. Абай облысында Qarmet комбинатын жаңғырту және мыс балқыту зауытын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Атырау облысында "Силлено" және "Бутадиен" компанияларының ірі газ-химия кешендері салынып жатыр.Айта кетері, 2025 жылы мұнай-газ химия саласындағы өндіріс көлемі екі есеге өсіп, 619 мың тоннаға жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш 225,3 мың тоннаны құрады.
https://sputnik.kz/20260213/ondeu-onerkasibindegi-ondiris-kolemi-64-ga-osti-61130457.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/10/64945016_93:0:1230:853_1920x0_80_0_0_ad5935f105d3798fd3edf75518ef2803.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
индустрияландыру, жұмыс, үкімет
индустрияландыру, жұмыс, үкімет
Қазақстанда 2026 жылы 200 индустриялық жоба іске қосылады
Жалпы құны 267 млрд теңге болатын 77 жоба іске қосылды
АСТАНА, 16 шілде – Sputnik. Қазақстанда 2026 жылы жалпы құны 1,7 трлн теңге болатын 200 индустриялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр, деп хабарлады үкімет.
Жобаларды іске асыру нәтижесінде шамамен 18 мың тұрақты жұмыс орны ашылады. Қазіргі таңда жалпы құны 267 млрд теңге болатын 77 жоба іске қосылып, 4,5 мың адам жұмыспен қамтылған.
"Жобалар толық қуатына шыққаннан кейін бұл өндірістер жыл сайын шамамен 1,5 трлн теңгеге өнім шығарады. Оның ішінде 500 млрд теңгеге жуық өнім экспортқа бағытталады", – деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ биыл Қазақстанда бұрын өндірілмеген 15-тен астам жаңа тауар түрін шығару басталады. Олардың қатарында бірегей ірі габаритті машина жасау тораптары, арнайы техника, сутегі және күрделі минералды тұздар бар.
Өнеркәсіптік жобалардың қатарында 17 серпінді жобаға ерекше назар аударылып отыр. Бұл жобалар жоғары деңгейде өңделген өнім шығаруды дамытуға, отандық шикізатты тиімді пайдалануға және іргелес өндірістік кластерлерді қалыптастыруға бағытталған.
Осы бағдарлама аясында Қостанай облысында KIA Qazaqstan және Алматыда "Astana Motors Manufacturing Kazakhstan" зауыттары іске қосылды.
Сонымен қатар өңірлерде ірі өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылып жатыр. Павлодар облысында "Mineral Product International" компаниясының металлургиялық кластері құрылуда. Абай облысында Qarmet комбинатын жаңғырту және мыс балқыту зауытын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Атырау облысында "Силлено" және "Бутадиен" компанияларының ірі газ-химия кешендері салынып жатыр.
Айта кетері, 2025 жылы мұнай-газ химия саласындағы өндіріс көлемі екі есеге өсіп, 619 мың тоннаға жетті. Ал 2026 жылдың алғашқы бес айында бұл көрсеткіш 225,3 мың тоннаны құрады.