ШЫҰ әскери-саяси блок логикасынан тыс әрекет етеді - Тоқаев

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПрезидент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасып жатқанын айтты
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда.
Президенттің айтуынша, ширек ғасырда Шанхай ынтымақтастық ұйымы "Шанхай бестігінен" бастап Еуразияның үлкен бөлігін қамтитын және адамзаттың жартысына жуығын біріктіретін ірі халықаралық ұйымға айналды.
"ШЫҰ – әртүрлі, бірақ рухы бір елдердің бірегей бірлестігі ретінде ішкі мәселеге араласпау, егемендікті құрметтеу, өзара сенім, ашықтық пен ынтымақтастық қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асырып келеді. Бүгінде ол шын мәнінде табысты, ықпалды әрі сұранысқа ие халықаралық құрылымға айналды. Әйтсе де біздің Ұйым құрылған сәттен бері әлем айтарлықтай өзгерді", - деді президент.
Мемлекет басшысы халықаралық қатынастардың жаңа жүйесі қалыптасып жатқанын, бірігуден гөрі жікке бөліну, ынтымақтастық ниетінен гөрі геосаяси бақталастық басым түсіп, мүдделер теңгерімін іздеудің орнына араздық өршіп бара жатқанын айтты.
"Өзара сенімге селкеу түсті. Онсыз ең мықты халықаралық институттардың өзі бірте-бірте сын-қатерлерге төтеп беру қабілетінен айырылады. Осы орайда, біздің Ұйымның маңызы арта түседі. ШЫҰ әскери-саяси блок логикасынан тыс әрекет етеді әрі оның қызметі қандай да бір мемлекетке қарсы бағытталмаған. Ұйым мүлдем басқа саяси философияға, яғни түпкі өзегінде прогресс жолындағы ортақ бастамалар идеясы жатқан "Шанхай рухына" сүйенеді. Біздің басты мақсатымыз – қуатты әрі өркендеген ШЫҰ қоғамдастығын құру", – деді Тоқаев.
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті
Жаңалықтар
0