Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы 72,6 млрд долларға жетті

© Photo : Пресс-служба Министерства торговли и интеграции РКҚазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда айналымы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Қазақстанның ШЫҰ елдерімен саудасындағы негізгі серіктестері – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. 2025 жылы Қазақстанның Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) мүше мемлекеттермен тауар айналымы 72,6 млрд АҚШ долларын құрады, деп хабарлады сауда және интеграция министрлігі.
2024 жылы бұл көрсеткіш 67,7 млрд доллар болған. Сонымен қатар Қазақстанның ШЫҰ елдеріне экспорты 30,7 млрд долларды, ал импорт көлемі 41,8 млрд долларды құрады.
"Қазақстанның ШЫҰ елдерімен саудасындағы негізгі серіктестері – Қытай, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан. 2025 жылы Қытаймен тауар айналымы 34,2 млрд доллар, Ресеймен 27,4 млрд доллар, Өзбекстанмен 4,8 млрд доллар және Қырғызстанмен 2,2 млрд доллар болды", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік мәліметінше, Қазақстаннан ШЫҰ елдеріне экспортталған негізгі тауарлардың қатарында уран, мыс кендері мен концентраттары, шикі мұнай, мыс және мыс катодтары, табиғи газ, бидай және ферроқорытпалар бар.
2025 жылы бірқатар ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерінің экспорты өсті. Олардың қатарында жануарларға арналған азық өнімдері, күнбағыс майы, бидай, арпа, бидай ұны мен зығыр тұқымы бар.
ШЫҰ елдерінен Қазақстанға импортталатын негізгі тауарлардың қатарында жеңіл автомобильдер, автомобиль кузовтары, табиғи газ, мұнай өнімдері, алтын, есептеу машиналары және автомобильдер мен тракторларға арналған бөлшектер бар.
Саммит ШОС -2025. День второй - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
ШЫҰ толыққанды халықаралық ұйымға айналды – Путин
Жаңалықтар
0