Шығыс экономикалық форумы ашылды

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуВладивосток накануне ВЭФ 2026
Владивосток накануне ВЭФ 2026 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Шығыс экономикалық форумы (ШЭФ) бағдарламасындағы негізгі тақырыптардың бірі – азаматтық ұшқышсыз авиацияны дамыту және автономды көлікті енгізу
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Владивосток қаласында Шығыс экономикалық форумы ашылды. Оған 70 елден 5 мың қатысушы жиналады.
ШЭФ бағдарламасындағы негізгі тақырыптардың бірі – азаматтық ұшқышсыз авиацияны дамыту және автономды көлікті енгізу. 2026 жылғы форумның басты тақырыбы – "Қиыр Шығыс – халық игілігі үшін даму". Форум 1-4 қыркүйек аралығында өтеді.
2025 жылы өткен ШЭФ барысында жалпы сомасы 6 трлн рубль болатын келісімдерге қол қойылған. Ал 2026 жылы энергетика, логистика, өнеркәсіп және ғылым салаларындағы келісімдердің жалпы сомасы 6,5 трлн рубльге жетуі мүмкін.
Форумның алғашқы күнінде "Сұңқар үйі" павильоны ашылды. Мұнда сұңқардың үш түрі – ақ сұңқар, ителгі және лашын таныстырылды.
Премьеру Олжасу Бектенову представили беспилотное такси - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2025
Астанадағы Digital Bridge форумында пилотсыз таксилер ұсынылды
Жаңалықтар
0