https://sputnik.kz/20251004/digital-bridge-de-pilotsyz-taksi-usynyldy-otandyq-it-zhobany-iske-qosu-zhosparlanyp-otyr-57632232.html
Астанадағы Digital Bridge форумында пилотсыз таксилер ұсынылды
Астанадағы Digital Bridge форумында пилотсыз таксилер ұсынылды
Sputnik Қазақстан
Ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады 04.10.2025, Sputnik Қазақстан
2025-10-04T19:39+0500
2025-10-04T19:39+0500
2025-10-04T20:30+0500
жасанды интеллект
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/04/57631294_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_e39e280f7540d3e16717b49c8aec37cb.jpg
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik.Digital Bridge форумы аясында өткен көрмеде пилотсыз таксилер ұсынылды. Отандық IT-жобаны 2026 жылы іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.Отандық Jet Sharing компаниясы пилоттық жобаны іске қосу туралы жоспары бар екенін жариялады.Ал 2027 жылы сервисті толыққанды коммерциялық ауқымда пайдалануға беруі мүмкін. Еліміздің көлік саласын цифрландыру шеңберіндегі бұл жаңашылдық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында таныстырылды.Технология жасанды интеллектіге негізделген, ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады.Әзірлеушілердің айтуынша, мұндағы негізгі және ең шығынды көп қажет ететін тұс – көліктер навигациясына қажет қаланың жоғары дәлдіктегі 3D картасын жасау болмақ.Тестілеуге арналған бастапқы алаң ретінде Alatau city қарастырылуда, одан кейін Астана мен Алматыға шығу жоспары бар.
https://sputnik.kz/20251004/zhyl-sonyna-deyin-it-qyzmetter-eksportynyn-kolemin-1-mlrd-dollarga-zhetedi---bektenov-57631102.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/04/57631294_167:0:1148:736_1920x0_80_0_0_d13896764e367931ff7172aec2622a84.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жасанды интеллект
Астанадағы Digital Bridge форумында пилотсыз таксилер ұсынылды
19:39 04.10.2025 (жаңартылды: 20:30 04.10.2025) Ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik.Digital Bridge форумы аясында өткен көрмеде пилотсыз таксилер ұсынылды. Отандық IT-жобаны 2026 жылы іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.
Отандық Jet Sharing компаниясы пилоттық жобаны іске қосу туралы жоспары бар екенін жариялады.
Ал 2027 жылы сервисті толыққанды коммерциялық ауқымда пайдалануға беруі мүмкін. Еліміздің көлік саласын цифрландыру шеңберіндегі бұл жаңашылдық Digital Bridge 2025 технологиялық форумында таныстырылды.
Технология жасанды интеллектіге негізделген, ол автомобильдің өзін де, тапсырыстарды бөлу және баға белгілеу процестерін де басқарады.
Әзірлеушілердің айтуынша, мұндағы негізгі және ең шығынды көп қажет ететін тұс – көліктер навигациясына қажет қаланың жоғары дәлдіктегі 3D картасын жасау болмақ.
"Біз мұндай қызметті ТМД бойынша бірінші болып іске қосамыз деп сенемін. Егер мемлекет қолдау білдірсе, сынақ кезеңін 2026 жылы бастауға, ал 2027 жылы толыққанды сервисті пайдалануға беруге дайынбыз. Жалғыз ғана қиын тұс – Қазақстанда әзірге жоқ 3D-навигацияны құру", — деді Jet Sharing компаниясының негізін қалаушы Мейрамбек Әбілқасов.
Тестілеуге арналған бастапқы алаң ретінде Alatau city қарастырылуда, одан кейін Астана мен Алматыға шығу жоспары бар.