ШЫҰ аясында Жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынылды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаШанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
Жазылу
Бұл ШЫҰ-да тәжірибе алмасумен ғана шектелмей, жасанды интеллект экожүйесін дәйекті түрде қалыптастырауға ықпал етеді
АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі шекара маңындағы ынтымақтастық орталықтарының базасында ШЫҰ трансшекаралық сауда аймақтарын іске қосуға болатынын айтты.
Бұл туралы президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында мәлімдеді.
"Осы арқылы тауар алмасудың оңтайланған тәсілін, цифрлық рәсімдерді және заманауи есеп айырысу тетіктерін сынап көруге болады. Тағы бір басым бағыт – толыққанды инвестициялық контур қалыптастыру. Қазақстан Қытайдың ШЫҰ Даму банкін құру туралы бастамасын қолдайды. Қаржы ұйымының ресурсын, ең алдымен, инфрақұрылымдық, технологиялық және өнеркәсіп жобаларына бағыттаған жөн. Мүше мемлекеттердің ортақ ұйғарымы болған жағдайда, Қазақстан аталған институтты, оның штаб-пәтерін өз аумағында орналастыруға дайын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы Еуразияның заманауи көлік-логистикалық қаңқасын құру ісін жеделдетуді ұсынды
"Бұл ретте ШЫҰ Бірыңғай транзит цифрлық платформасын құру тиімді тәсіл болар еді. Ол үйлесімді цифрлық шешімдер негізінде жүктің жөнелту пунктінен соңғы нүктедегі алушыға дейін кедергісіз өтуіне мүмкіндік береді. Құқықтық-нормативтік базаны нығайту үшін Шанхай ынтымақтастық ұйымының 2035 жылға дейінгі Көлік байланысы стратегиясын әзірлеп, қабылдауды ұсынамыз", – деді президент.
Сонымен қатар Тоқаев ШЫҰ-да тәжірибе алмасумен ғана шектелмей, жасанды интеллект экожүйесін дәйекті түрде қалыптастыра отырып, технологияларды бірлесе ойлап табуды және құзыреттілікті арттыруды жеделдетуді ұсынды.
"Сондықтан Ұйымға мүше елдердің жетекші университеттерінің, ғылыми мекемелерінің және технологиялық компанияларының қатысуымен ШЫҰ аясында Жасанды интеллект орталықтарының желісін құруды ұсынамыз", – деді мемлекет басшысы.
Президент Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.09.2026
ШЫҰ әскери-саяси блок логикасынан тыс әрекет етеді - Тоқаев
Жаңалықтар
0