Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Үндістан премьер-министрі: Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу қажет

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуНарендра Моди
Нарендра Моди  - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Жазылу
Моди Путинге бұл мәселені талқылауды ұсынды
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу қажет. Бұл туралы Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Ресей президенті Владимир Путинмен ШЫҰ саммиті аясындағы кездесуінде мәлімдеді.
Үндістан премьер-министрі әңгіме барысында Украинадағы жағдайға да тоқталды. Ол барлық мәселені бейбіт жолмен шешу қажет екенін, "осы бағытты ұстану" керектігін атап өтті.
Моди бұл мәселелердің барлығын талқылауды ұсынды. Сондай-ақ Путиннің қыркүйек айында Нью-Делиде өтетін БРИКС саммитіне қатысуынан үлкен үміт күтетінін жеткізді.
"Көп рақмет, құрметті премьер-министр. Біз осы жолмен келе жатырмыз", – деді Путин Модидің сөзінен кейін.
Бейбіт заманның қадірін білетін, көмек қолын созуға дайын тұратын елміз -  Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2026
"Бейбіт заманның қадірін білетін, көмек қолын созуға дайын тұратын елміз" - Тоқаев
Жаңалықтар
0