"Бейбіт заманның қадірін білетін, көмек қолын созуға дайын тұратын елміз" - Тоқаев

© Sputnik / Тимур Батыршин"Бейбіт заманның қадірін білетін, көмек қолын созуға дайын тұратын елміз" - Тоқаев
Бейбіт заманның қадірін білетін, көмек қолын созуға дайын тұратын елміз -  Тоқаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2026
Жазылу
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
АСТАНА,1 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады.
"Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі. Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік", - деді Тоқаев.
Президенттің айтуынша, Қазақстан бірлік, ынтымақ, этносаралық және конфессияаралық татулық қағидаттарын жаңа Конституцияның преамбуласында нақты көрсетті.
"Біз – бейбіт заманның қадірін білетін, айналасына жанашырлықпен қарайтын, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын елміз. Бұл – біртұтас ұлтымыздың болмысына тән қасиет. Біз осы бірегей дәстүрді көздің қарашығындай сақтап қалуымыз керек. Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір", - деді президент.
Біздің тарихымыз, бүгініміз және болашағымыз – бір. Бұл –Қазақстан халқының сарқылмас күш-қуаты мен отаншылдық рухының айқын көрінісі. Біз бәріміз бір ел болып жұмылып, өсіп-өркендеу жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге кәміл сенемін, деді Тоқаев.
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.05.2026
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
Жаңалықтар
0