https://sputnik.kz/20260831/turkiya-shyu-sammitinde-ukrainaga-qatysty-malimdeme-zhasaudy-zhosparlap-otyr-66248272.html
Түркия ШЫҰ саммитінде Украинаға қатысты мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр
Түркия ШЫҰ саммитінде Украинаға қатысты мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Анкараның Украинадағы қақтығысты реттеуге ықпал етуге және тараптар арасында делдал болуға дайын екенін мәлімдейді 31.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-31T16:08+0500
2026-08-31T16:08+0500
2026-08-31T16:08+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_0:24:3071:1751_1920x0_80_0_0_7143a590b4cc43ac0f3088f684670b68.jpg
АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің сейсенбі күні Бішкекте өтетін кездесуінде Анкара Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзде делдал болуға дайын екенін мәлімдейді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлаған.Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин 1 қыркүйекте Бішкекте Режеп Тайып Ердоғанмен кездесетінін айтты. Көшбасшылар Украина мен Қара теңіздегі жағдайды талқылайды.Ресей президенті Владимир Путин маусым айының соңында үкімет мүшелерімен өткен кеңесте Ресейдің 2022 жылы Ыстанбұлда қол жеткізілген келісімдер негізінде Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан болатын.2025 жылы Ресей мен Украина Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш раундын өткізді. Оның нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сондай-ақ қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен алмасты.
https://sputnik.kz/20260828/ukraina-boyynsha-kelissozder-protsesi-uaqytsha-toqtap-tur---peskov-66186240.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/965/18/9651865_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3472c1754c76ffe57ca997cd237fb0f4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркия ШЫҰ саммитінде Украинаға қатысты мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр
Анкараның Украинадағы қақтығысты реттеуге ықпал етуге және тараптар арасында делдал болуға дайын екенін мәлімдейді
АСТАНА, 31 тамыз — Sputnik. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің сейсенбі күні Бішкекте өтетін кездесуінде Анкара Украинадағы қақтығысты реттеу бойынша келіссөзде делдал болуға дайын екенін мәлімдейді. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне Түркия үкіметіндегі дереккөз хабарлаған.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Владимир Путин 1 қыркүйекте Бішкекте Режеп Тайып Ердоғанмен кездесетінін айтты. Көшбасшылар Украина мен Қара теңіздегі жағдайды талқылайды.
"Сейсенбі күні Бішкекте өтетін Режеп Тайып Ердоған мен Владимир Путиннің келіссөзі барысында түрік тарапы Анкараның Украинадағы қақтығысты реттеуге ықпал етуге және тараптар арасында делдал болуға дайын екенін мәлімдейді", - деді дереккөз агенттікке берген сұхбатында.
Ресей президенті Владимир Путин маусым айының соңында үкімет мүшелерімен өткен кеңесте Ресейдің 2022 жылы Ыстанбұлда қол жеткізілген келісімдер негізінде Украинамен бейбіт келіссөз жүргізуге дайын екенін айтқан болатын.
2025 жылы Ресей мен Украина Ыстанбұлда тікелей келіссөздің үш раундын өткізді. Оның нәтижесінде тараптар тұтқын алмасты. Сондай-ақ қақтығысты реттеу жөніндегі меморандум жобаларымен алмасты.