Биыл түрлі салада 4,4 трлн теңгеге инвестициялық келісім жасалды

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Жазылу
Сонымен қатар жаңа фармацевтикалық өндірістерге 173 млрд теңге инвестиция салынады
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 23,5 трлн теңгеге дейін өсті, деп хабарлады үкімет.
2019–2025 жылдар аралығында олардың көлемі 1,9 есеге артты. Өңдеу өнеркәсібіне салынған инвестициялар үш есеге өсіп, 3 трлн теңгеге жетті. Ал оның жалпы инвестициялар көлеміндегі үлесі 12,7%-ды құрады.
Сонымен қатар жаңа фармацевтикалық өндірістерге 173 млрд теңге инвестиция салынады.
"2026 жылғы қаңтарда төрт жаңа жоба бойынша келісімдер мақұлданды. Олар 356 атаудағы дәрілік заттарды өндіруді локализациялауды және сұранысқа ие препараттардың отандық өндірісін кеңейтуді көздейді", - деп жазылған хабарламада.
Ал тікелей шетелдік инвестициялар ағыны 20,5 млрд долларға жетті.
2025 жылы бұл көрсеткіш 14,4%-ға өсті. Капитал шикізаттық емес салаларға – өңдеу өнеркәсібіне, қаржы секторына және байланыс саласына барған сайын көбірек бағытталып жатыр.
Президент Касым-Жомарт Токаев встретил в столичном аэропорту Председателя Китайской Народной Республики Си Цзиньпина, прибывшего в Казахстан с государственным визитом - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Қытай Қазақстан экономикасына 30 млрд доллардан астам инвестиция салды – Тоқаев
Жаңалықтар
0