https://sputnik.kz/20260829/semey-poligonynyn-songy-shekaralyq-belgisi-ornatyldy-66203586.html
Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды
Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды
Sputnik Қазақстан
Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде аумақтың қазіргі радиоэкологиялық жай-күйі туралы объективті деректер алынып, оны одан әрі пайдалану тәсілдері айқындалды 29.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-29T17:45+0500
2026-08-29T17:45+0500
2026-08-29T17:45+0500
семей полигоны
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1d/66194256_115:0:1166:591_1920x0_80_0_0_b905088efc23cd58eff5845a74e263eb.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жұмыстары аяқталды. 28 тамызда бұрынғы сынақ полигонының аумағында соңғы шекаралық белгі орнатылды, деп хабарлайды Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.Соңғы шекаралық белгі орнатылған жерде ядролық сынақтардың салдарын жою және бұрынғы полигон аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның көпжылдық жұмысына арналған естелік белгі де ашылды.Серғазиннің айтуынша, Қазақстанда аумақтарды тәуекел деңгейіне қарай нақты бөлу маңызды міндет саналады.Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін Қазақстан оның аумағын қауіпсіз жағдайға келтіру бойынша ауқымды жұмыстар кешенін жүргізді. Сынақ инфрақұрылымы жойылды немесе қауіпсіз жағдайға келтірілді, ядролық қаруды таратпау саласында ірі жобалар іске асырылды. Сонымен қатар радиациялық ахуалға зерттеулер және ауданы 18 мың шаршы километрден асатын аумаққа кешенді радиоэкологиялық зерттеу жүргізілді.Бұл жұмыстың ғылыми-техникалық негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қамтамасыз етті. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде аумақтың қазіргі радиоэкологиялық жай-күйі туралы объективті деректер алынып, оны одан әрі пайдалану тәсілдерін айқындауға мүмкіндік туды.Маңызды кезеңдердің бірі 2023 жылы "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заңның қабылдануы болды. Аталған заң бұрынғы полигон аумағын басқарудың жаңа тәсілінің құқықтық негізін қалыптастырды.Кешенді экологиялық зерттеу нәтижелері бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағының шекаралары айқындалды. Оның құрамына радиациялық қауіптер сақталатын және пайдаланудың арнайы режимін талап ететін, жалпы ауданы шамамен 8,3 мың шаршы километр аумақтар кіреді.Сонымен қатар халыққа радиациялық қауіп төндірмейтін, зерттелген шамамен 10 мың шаршы километр жер кезең-кезеңімен шаруашылық айналымға енгізілуі мүмкін.Семей ядролық қауіпсіздік аймағын қалыптастыру бұрынғы полигон аумағын одан әрі оңалтуға негіз болады. Сондай-ақ бұл Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарының тиісті аумақтарын әлеуметтік-экономикалық дамытуға жағдай жасайды.
https://sputnik.kz/20260829/atom-energiyasyn-zhasampaz-maqsatta-gana-paydalangan-zhon---toqaev-66192557.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1d/66194256_246:0:1034:591_1920x0_80_0_0_b09ad6ad4045e7fde9703e12c749a25c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
семей полигоны
Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды
Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде аумақтың қазіргі радиоэкологиялық жай-күйі туралы объективті деректер алынып, оны одан әрі пайдалану тәсілдері айқындалды
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Семей ядролық қауіпсіздік аймағының жергілікті жердегі шекараларын белгілеу жұмыстары аяқталды. 28 тамызда бұрынғы сынақ полигонының аумағында соңғы шекаралық белгі орнатылды, деп хабарлайды Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі агенттігі.
"Семей ядролық қауіпсіздік аймағын қалыптастыру – бұрынғы полигон аумағына қатысты мемлекеттік саясаттың түбегейлі жаңа кезеңі", – деп атап өтті агенттік төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин.
Соңғы шекаралық белгі орнатылған жерде ядролық сынақтардың салдарын жою және бұрынғы полигон аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша Қазақстанның көпжылдық жұмысына арналған естелік белгі де ашылды.
Серғазиннің айтуынша, Қазақстанда аумақтарды тәуекел деңгейіне қарай нақты бөлу маңызды міндет саналады.
"Қауіпті учаскелер мемлекет бақылауында қалуға тиіс, ал қауіпсіздігі ғылыми зерттеулермен расталған жерлер кезең-кезеңімен шаруашылық айналымға қайтарылуы қажет", – деді Ғұмар Серғазин.
Семей ядролық сынақ полигоны жабылғаннан кейін Қазақстан оның аумағын қауіпсіз жағдайға келтіру бойынша ауқымды жұмыстар кешенін жүргізді. Сынақ инфрақұрылымы жойылды немесе қауіпсіз жағдайға келтірілді, ядролық қаруды таратпау саласында ірі жобалар іске асырылды. Сонымен қатар радиациялық ахуалға зерттеулер және ауданы 18 мың шаршы километрден асатын аумаққа кешенді радиоэкологиялық зерттеу жүргізілді.
Бұл жұмыстың ғылыми-техникалық негізін Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы қамтамасыз етті. Көпжылдық зерттеулердің нәтижесінде аумақтың қазіргі радиоэкологиялық жай-күйі туралы объективті деректер алынып, оны одан әрі пайдалану тәсілдерін айқындауға мүмкіндік туды.
Маңызды кезеңдердің бірі 2023 жылы "Семей ядролық қауіпсіздік аймағы туралы" заңның қабылдануы болды. Аталған заң бұрынғы полигон аумағын басқарудың жаңа тәсілінің құқықтық негізін қалыптастырды.
Кешенді экологиялық зерттеу нәтижелері бойынша Семей ядролық қауіпсіздік аймағының шекаралары айқындалды. Оның құрамына радиациялық қауіптер сақталатын және пайдаланудың арнайы режимін талап ететін, жалпы ауданы шамамен 8,3 мың шаршы километр аумақтар кіреді.
Сонымен қатар халыққа радиациялық қауіп төндірмейтін, зерттелген шамамен 10 мың шаршы километр жер кезең-кезеңімен шаруашылық айналымға енгізілуі мүмкін.
Семей ядролық қауіпсіздік аймағын қалыптастыру бұрынғы полигон аумағын одан әрі оңалтуға негіз болады. Сондай-ақ бұл Абай, Павлодар және Қарағанды облыстарының тиісті аумақтарын әлеуметтік-экономикалық дамытуға жағдай жасайды.