https://sputnik.kz/20260829/atom-energiyasyn-zhasampaz-maqsatta-gana-paydalangan-zhon---toqaev-66192557.html
Атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн - Тоқаев
Атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Президент Қазақстан ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдайтынын айтты 29.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-29T09:05+0500
2026-08-29T09:05+0500
2026-08-29T09:05+0500
президент
ядролық қарусыздандыру
семей полигоны
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1c/66173092_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_a6bce16fc601916a1d9093c41bb2ba30.jpg
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған үндеу жасады, деп хабарлады Ақорда.Президент бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатқанын еске салды.Президент Қазақстан дүние жүзінде қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, еліміз бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын таңдап, тарихи шешім қабылдағанын айтты.Мемлекет басшысының айтуынша, Жаңа Конституция преамбуласында еліміздің бейбітшілікке ұмтылып, барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнататыны айқын жазылды және осы ұстаным сыртқы саясатымыздың мызғымас қағидаты болып қала береді."Халықаралық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ретінде еліміздің ұстанымы өзгермейді: біз ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдаймыз, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін тездетуге және ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерлерді жою үшін бірлесіп батыл қадамдар жасауға шақырамыз. Біз атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн деп санаймыз", - деді президент.Халқымыз жалпыұлттық референдумда ядролық энергетиканы дамытудың стратегиялық бағыт-бағдарын бірауыздан қолдағанын, сондықтан қазіргі таңда барлық салада жасалып жатқан түбегейлі реформалардың мақсаты бір екенін мәлімдеді.29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.
https://sputnik.kz/20260828/tarikhi-mumkindikti-mult-zhibersek-keler-urpaq-bizdi-eshqashan-keshirmeydi--toqaev-66177174.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1c/66173092_117:0:1222:829_1920x0_80_0_0_30fd399d34375352010b65aeb7bfd00d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, ядролық қарусыздандыру, семей полигоны
президент, ядролық қарусыздандыру, семей полигоны
Атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн - Тоқаев
Президент Қазақстан ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдайтынын айтты
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне арналған үндеу жасады, деп хабарлады Ақорда.
Президент бүгін әлем қауымдастығы Қазақстанның бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтіп жатқанын еске салды.
"Осыдан 35 жыл бұрын халықаралық ахуал күрделі болғанына қарамастан, Семей ядролық полигоны жабылды. Ондаған жыл бойы жасалған жарылыстар азаматтарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл ядролық сынақтардың салдары күллі адамзат баласы үшін аса ауыр болғанын ұғындыратын, сондай-ақ әлем жұртшылығын мұндай алапат апатқа жол бермеуге шақыратын айрықша маңызды күн саналады", - деді Тоқаев.
Президент Қазақстан дүние жүзінде қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, еліміз бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын таңдап, тарихи шешім қабылдағанын айтты.
Мемлекет басшысының айтуынша, Жаңа Конституция преамбуласында еліміздің бейбітшілікке ұмтылып, барлық мемлекетпен достық қарым-қатынас орнататыны айқын жазылды және осы ұстаным сыртқы саясатымыздың мызғымас қағидаты болып қала береді.
"Халықаралық антиядролық қозғалыс көшбасшыларының бірі ретінде еліміздің ұстанымы өзгермейді: біз ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдаймыз, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін тездетуге және ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерлерді жою үшін бірлесіп батыл қадамдар жасауға шақырамыз. Біз атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн деп санаймыз", - деді президент.
Халқымыз жалпыұлттық референдумда ядролық энергетиканы дамытудың стратегиялық бағыт-бағдарын бірауыздан қолдағанын, сондықтан қазіргі таңда барлық салада жасалып жатқан түбегейлі реформалардың мақсаты бір екенін мәлімдеді.
"Біз Әділетті, Озық және Таза Қазақстанды құрып жатырмыз. Бәріміз бір ел болып, биік мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін", - деді Тоқаев.
29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні.