https://sputnik.kz/20260828/tarikhi-mumkindikti-mult-zhibersek-keler-urpaq-bizdi-eshqashan-keshirmeydi--toqaev-66177174.html
Тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, келер ұрпақ бізді ешқашан кешірмейді – Тоқаев
Тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, келер ұрпақ бізді ешқашан кешірмейді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
Мемлекет басшысының айтуынша көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан заманда бейқам, жасық әрі жауапсыз болмау қажет 28.08.2026, Sputnik Қазақстан
2026-08-28T12:57+0500
2026-08-28T12:57+0500
2026-08-28T12:57+0500
қасым-жомарт тоқаев
құрылтай
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1c/66175021_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_6716f6466b88f03c8ad787d11ed32bbd.jpg
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге жауапкершіліктен қашпайтын, батыл, белсенді әрі білімді басшылар, сондай-ақ нақты өзгеріс жасай алатын азаматтар қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мемлекет басшысы қазіргідей көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан заманда бейқам, жасық әрі жауапсыз болмау қажеттігін де ерекше атап өтті.Тоқаев Құрылтай депутаттарының түрлі салаларда табысқа жетіп, мол тәжірибе жинаған білікті мамандар екенін айтты."Сіздер – түрлі қызметте табысқа жетіп, мол тәжірибе жинаған білікті мамансыздар. Өздеріңізді жауапты, жұртқа жанашыр, бастамашыл азамат ретінде танытып келесіздер. Енді осы тәжірибені ел игілігіне жаратып, Қазақстанды дамыту үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін", – деді президент.
https://sputnik.kz/20260828/prezident-quryltaydyn-aldynda-turgan-maselelerdi-atady-66175924.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1c/66175021_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_d06c6fe711250b957f7116d6f551a68e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, құрылтай
қасым-жомарт тоқаев, құрылтай
Тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, келер ұрпақ бізді ешқашан кешірмейді – Тоқаев
Мемлекет басшысының айтуынша көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан заманда бейқам, жасық әрі жауапсыз болмау қажет
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елге жауапкершіліктен қашпайтын, батыл, белсенді әрі білімді басшылар, сондай-ақ нақты өзгеріс жасай алатын азаматтар қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Келер ұрпақ кейбір кемшілігімізге түсіністікпен қарайтын да шығар. Себебі жұмыс қателіксіз болмайды. Бірақ біз реформаларды аяғына дейін жеткізбей, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы тарихи мүмкіндікті мүлт жіберсек, олар бізді ешқашан кешірмейді", – деді Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында.
Мемлекет басшысы қазіргідей көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан заманда бейқам, жасық әрі жауапсыз болмау қажеттігін де ерекше атап өтті.
"Әйтпесе ел тығырыққа тірелуі мүмкін. Елдің ертеңі әрбір депутаттың ынта-ықыласына, қажыр-қайратына және отаншылдығына байланысты", – деді президент.
Тоқаев Құрылтай депутаттарының түрлі салаларда табысқа жетіп, мол тәжірибе жинаған білікті мамандар екенін айтты.
"Сіздер – түрлі қызметте табысқа жетіп, мол тәжірибе жинаған білікті мамансыздар. Өздеріңізді жауапты, жұртқа жанашыр, бастамашыл азамат ретінде танытып келесіздер. Енді осы тәжірибені ел игілігіне жаратып, Қазақстанды дамыту үшін табанды еңбек етесіздер деп сенемін", – деді президент.