Президент Құрылтайдың алдында тұрған міндеттерді атады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаПервая сессия Курултая первого созыва
Первая сессия Курултая первого созыва - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салу туралы заң қабылданады
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың алдында тұрған маңызды міндеттерді атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін президент Құрылтайдың бірінші сессиясын ашып, заңнамалық тұрғыда қарастыруды қажет ететін міндеттерді айқындады:
"Е-Parliament" ақпараттық жүйесін енгізу;
жасанды интеллектіні орта білім беру саласына енгізу;
цифрлық активтер индустриясын дамыту;
"Алтын визаны" енгізу;.
көші-қон саясатын жетілдіру;
"Кітапхана және баспа ісі туралы" заң жобасын да әзірлеу;
"Шәмші Қалдаяқов" медалі мен "Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі" құрметті атағын заңнамалық негізін қалыптастыру;
ерекше қажеттілігі бар балаларды жан-жақты қолдау жөніндегі заңды қабылдау;
16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салу;
энергетика саласының технологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
баламалы энергия көздерін дамытуға мүмкіндік беретін заң жобаларын тездетіп қарастыру;
онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселесіне қатысты заңдарды қарау;
ақпарат кеңістігінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қосымша шаралар қабылдау.
Сондай-ақ, президент қоғамда жаңа құндылықтарды орнықтыру мәселесіне де тоқталды.
"Жаңа этиканы қалыптастыру ісі ел алдындағы азаматтардың, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің жүріс-тұрысына, мінез-құлқына байланысты екені сөзсіз. Қоғамдық орындарда келеңсіз, жөнсіз әрекеттерге жол бермеу қажет. Депутаттар заң қабылдаумен қатар, жаңа қоғамдық этиканы дәріптеуге үлес қосуға тиіс. Бұл да – ұлттық мүддеге тікелей қатысы бар маңызды мәселе", - деді Тоқаев.
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Ұлттық қордың ақшасы оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды – Тоқаев
Жаңалықтар
0