Ұлттық қордың ақшасы оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды – Тоқаев

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги, тенге, купюры, монеты
Деньги, тенге, купюры, монеты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Президент ұлттық қордың пайдасын балалар қазірдің өзінде көріп отырғанын еске салды
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ұзақмерзімді пайдасы бар стратегиялық маңызды жобаларға ұлттық қордан қаржы бөлу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қаражат оңды-солды, мақсатсыз жұмсалмайды. Мұндай қауесетті еш нәрседен хабарсыз, ниеті теріс адамдар таратады. Кез келген қордың, әсіресе, Ұлттық қордың тиімділігі, ең алдымен, келер ұрпақтың игілігі жолындағы зор табысқа, нақты нәтижеге қол жеткізумен өлшенеді",-деді Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясында.
Президент ұлттық қордың пайдасын балалар қазірдің өзінде көріп отырғанын да еске салды. Олардың есепшотына қомақты қаражат аударылып жатыр. Ендігі кезекте өскелең ұрпаққа қызмет ететін заманауи, сапалы инфрақұрылымды дамыту керек.
"Басқаша айтқанда, еліміздің алдағы ондаған жыл, тіпті ғасырлар бойы дамуына берік негіз қаланады. Мемлекетіміздің іргесі де осы игі істердің арқасында беки түседі. Бұл мәселеге Қазақстан халқына арнаған Жолдауымда кеңірек тоқталамын", - деп түйіндеді Тоқаев.
Касым-Жомарт Токаев принял участие в первой сессии Курултая - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Тоқаев Құрылтай депутаты нені естен шығармау қажеттігін айтты
Жаңалықтар
0