Дәрігерге қаралуға барған ер адам сот алдынан бір-ақ шықты

© AP Photo / Jean-Francois BadiasСудебный молоток, архивное фото
Судебный молоток, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.08.2026
Жазылу
Дәрігер мен науқастың арасындағы дау төбелеске ұласқан
АСТАНА, 29 тамыз – Sputnik. Петропавлда науқас пен дәрігер арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті.
Оқиға 17 тамызда болған.
"51 жастағы қала тұрғыны дәрігермен сөйлескен. Әңгіме барысында дау туындаған. Медицина қызметкерінің ескертуіне ер адам агрессивті жауап беріп, оның бетіне соққы жасаған", – делінген полиция хабарламасында.
Аталған факті бойынша "медицина қызметкеріне өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Бұл – өңірде медицина қызметкеріне күш қолдануға қатысты тіркелген екінші жағдай. Маусым айында Шал ақын ауданында жол апатынан кейін көмек көрсетіп жатқан медицина қызметкеріне мас күйдегі ер адам күш қолданған. Сот оны 1,5 жылға бас бостандығынан айырды", – деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Әлібек Қожахметов.
Пожилой мужчина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Қостанайда дәрігерді қорқытқан зейнеткерге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0