Қостанайда дәрігерді қорқытқан зейнеткерге айыппұл салынды

CC0 / Bernd Schray / Пожилой мужчина, архивное фото
Пожилой мужчина, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.07.2026
Жазылу
Заң талаптарына сәйкес айыппұл сомасы 30%-ға қысқартылды
АСТАНА, 20 шілде – Sputnik. Қостанайда медицина қызметкерін балағаттап, оған күш қолданамын деп қорқытқан зейнеткерге айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық сот.
Зейнеткерге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 80-1-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалған.
Оқиға биыл 16 шілдеде "Биос" мекемесінің ғимаратында болған.
"Медицина қызметкеріне қасақана құрметсіздік көрсетіп, оны балағаттаған және дене күшін қолданамын деп қорқытқан", – деп мәлімдеді сот.
Сот мәліметінше, айыпталушының жасы 70-тен асқан. Ол бұрын әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған.
Осы мән-жайлар ескеріліп, сот оған 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады. Заң талаптарына сәйкес айыппұл сомасы 30%-ға қысқартылып, 90 825 теңге көлемінде өндірілетін болды.
Кулак, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2026
Астанада дәрігерді ұрған ер адамға қылмыстық іс қозғалды
Жаңалықтар
0