Жол апатынан кейінгі сақтандыру төлемдеріне қатысты өзгеріс енгізілді

© Sputnik / Кирилл КаллиниковОСАГО
ОСАГО - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Бұл өзгеріс алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жол апатынан кейінгі сақтандыру төлемдеріне қатысты өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Заңнамаға енгізілген түзетуге сәйкес, көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерiн тек қолма-қол ақшасыз тек банктiк шоттарына аударылады.
"Бұл ретте банктік аударымдар және қаражатты есептеу бойынша шығыстарды сақтандыру ұйымы төлейді, бұл сақтандыру төлемін комиссияны ұстамай толық көлемде алуды қамтамасыз етеді", - дейді агенттік мамандары.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу тәртібі тікелей зардап шеккен адамның қаражат алуына кепілдік береді.
Бұл өзгеріс алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 60 күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 21 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Сайгаки в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2026
Егістікті киіктен келетін залалдан сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін
Жаңалықтар
0