https://sputnik.kz/20260603/egistikti-kiikten-keletin-zalaldan-saqtandyru-zhuyesi-engizilui-mumkin-63886265.html
Егістікті киіктен келетін залалдан сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін
Егістікті киіктен келетін залалдан сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Қазіргі кезде сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларымен тиісті келіссөз жүргізіліп жатыр 03.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-03T08:29+0500
2026-06-03T08:29+0500
2026-06-03T08:29+0500
киік
егістік
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35188721_0:79:1000:642_1920x0_80_0_0_d35e4d2490d4ea15f3cee4dca5d65bb5.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі егінді киіктен келетін залалдан сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі бойынша сақтандыру компанияларымен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды APK News.Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуінде фермерлер киіктің дақылдарға келтірген залалы үшін тікелей бюджеттік өтемақы енгізуді, сондай-ақ жабайы табиғат келтірген залалға қарсы өміршең сақтандыру механизмін әзірлеп, іске қосуды сұрады.Қазіргі уақытта сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларымен киіктің ауыл шаруашылығы дақылдары егістігіне келтіретін залал тәуекелдерін қамтитын сақтандыру өнімін әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.Бұған дейін Қостанай облысындағы егістік киіктен зардап шеккені хабарланған болатын. Фермерлердің айтуынша, көптеген шаруашылық тіпті егінін жинамаған. 2026 жылы да киіктің егістікті зақымдауы салдарынан егіс алқабының көлемі айтарлықтай қысқарып жатыр.
https://sputnik.kz/20251203/qazaqstanda-kiik-sany-kelesi-zhyly-5-millionga-zhetedi-59281441.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/17/35188721_57:0:945:666_1920x0_80_0_0_bbb06e892b1403b5e1ea67d27f664c24.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
киік, егістік
Егістікті киіктен келетін залалдан сақтандыру жүйесі енгізілуі мүмкін
Қазіргі кезде сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларымен тиісті келіссөз жүргізіліп жатыр
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрлігі егінді киіктен келетін залалдан сақтандыру жүйесін енгізу мәселесі бойынша сақтандыру компанияларымен келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлайды
APK News. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен кездесуінде фермерлер киіктің дақылдарға келтірген залалы үшін тікелей бюджеттік өтемақы енгізуді, сондай-ақ жабайы табиғат келтірген залалға қарсы өміршең сақтандыру механизмін әзірлеп, іске қосуды сұрады.
Қазіргі уақытта сақтандыру және қайта сақтандыру компанияларымен киіктің ауыл шаруашылығы дақылдары егістігіне келтіретін залал тәуекелдерін қамтитын сақтандыру өнімін әзірлеу және енгізу мәселелері бойынша келіссөз жүргізіліп жатыр.
Бұған дейін Қостанай облысындағы егістік киіктен зардап шеккені хабарланған болатын. Фермерлердің айтуынша, көптеген шаруашылық тіпті егінін жинамаған. 2026 жылы да киіктің егістікті зақымдауы салдарынан егіс алқабының көлемі айтарлықтай қысқарып жатыр.