Құрылтайдың бірінші сессиясы ашылды

© PhotoДепутаты перед первой сессией Курултая
Депутаты перед первой сессией Курултая - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Бүгін президент заңнамалық тұрғыда қарастыруды қажет ететін мәселелерді қозғайды
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын ашты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сессияға әрбір партиядан сайланған 145 депутат пен үкімет мүшелері қатысып отыр. Тоқаев өз сөзінде алдымен Құрылтайдың тарихи миссисясына тоқталды.
“Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде жөні бөлек болары анық. Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді”, - деді Тоқаев.
Айта кетері, Құрылтай депутаттары бірінші сессияға өз ғимаратында емес, бұрынғы парламенттің үкіметтегі бірлескен отырыс залында жиналды. Қазіргі кезде ол залдың маңдайшасында “Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыс залы” деп жазылған.
Мобильді телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.08.2026
Тоқаев Құрылтайға балалардың әлеуметтік желіде тіркелуіне тыйым салуды қарастыруды ұсынбақ
Жаңалықтар
0