Қазақстанда бір аптада картоп пен сәбіз бағасы арзандады

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуКартоп
Картоп - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.08.2026
Жазылу
Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады
АСТАНА, 28 тамыз – Sputnik. Есепті апта ішінде Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары бойынша бағалардың төмендегені байқалды, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
Апта ішінде пияздың бағасы 4,8%-ға, ақ қауданды қырыққабаттың бағасы 4,6%-ға, картоп 2,9%-ға, сәбіз 2,4%-ға, алманың бағасы 1,1%-ға төмендеді.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының жалпы баға деңгейі бір апта ішінде Қонаев қаласында 0,4%-ға, Атырау, Жезқазған және Көкшетау қалаларында 0,2%-ға, Алматы, Қызылорда, Орал және Өскемен қалаларында 0,1%-ға төмендеді. Қостанай, Ақтөбе, Петропавл, Тараз, Талдықорған және Түркістан қалаларында бағалар өткен апта деңгейінде сақталды", - деп жазылған хабарламада.
Республика бойынша пияздың орташа бағасы 1 килограмына 179 теңгені құрады. Ең төмен баға Түркістан қаласында – 1 килограмына 135 теңге деңгейінде тіркелді.
Ақ қауданды қырыққабаттың республика бойынша орташа бағасы 1 килограмына 176 теңгені құрады. Ең төмен баға Тараз қаласында – 132 теңге.
Республика бойынша картоптың орташа бағасы килограмына 241 теңгені құрады. Ең қолжетімді бағалар Павлодар қаласында – 177 теңге, Қостанай қаласында – 194 теңге деңгейінде тіркелді.
Қызанақтың орташа республикалық бағасы 1 килограмына 546 теңгені құрады. Ең қолжетімді баға Тараз қаласында – 315 теңге деңгейінде қалыптасты.
Продовольственные товары - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Азық-түлік бағасы қай қалаларда арзандады
Жаңалықтар
0