Азық-түлік бағасы қай қалаларда арзандады

© Photo : Акимат ЖезказганаПродовольственные товары
Продовольственные товары - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.07.2026
Жазылу
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандаған қалаларды атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, бір апта ішінде картоп (2,8%), қызанақ (2,4%), алма (1,9%), қияр (1,2%), тауық еті (0,1%), сәбіз, қаймақ және қара шай (0,2%) арзандаған. Ал ұн, нан, жылқы еті, сүйекті сиыр еті, сондай-ақ пастерленген, ультрапастерленген және стерильденген сүт бағасы өзгеріссіз қалған.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары арзандаған қалалар:
Павлодарда – 0,4%;
Алматы, Шымкент және Ақтауда – 0,2%;
Қонаев пен Қостанайда – 0,1%.
Астана, Ақтөбе, Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды, Қызылорда, Тараз және Түркістан қалаларында баға өткен аптаның деңгейінде сақталған.
Қазіргі уақытта республика бойынша қиярдың орташа бағасы 495 теңгені құрайды. Ең төмен баға Тараз қаласында тіркелген. Онда қиярдың бір килограмын 339 теңгеге сатып алуға болады.
Картоптың орташа бағасы – 275 теңге. Ал ең арзан картоп Түркістанда сатылады: бір килограмы 219 теңге. І санаттағы жұмыртқаның ең төмен бағасы Оралда (475 теңге) және Қызылордада (477 теңге) тіркелген.
Сыроварня в итальянском городе Парма - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2026
Үкімет көп импортталатын 6 азық-түлік өнімін атады
Жаңалықтар
0